Глоссарий


Ұлы географиялық ашылулар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңтүстік және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды. 

Теодолит – мемлекеттік геодезиялық тірек торлары жүйелері қосында ры ның аралығындағы тірек торларын құру жəне оларды жиілендіру мақсатында көлденең жəне тік бұрыштарды өлшеу үшін қолданылатын казіргі кездегі жетілдірілген оптикалық құрал.

Курвиметр – картадағы қисық сызықтардың ұзындығын өлшейтін құрал.

Картографиялық жинақтау – карталардың масштабына сай жер бетінің қамтылатын аумағындағы географиялық нысандардың негізгілерін таңдап, іріктеп алу.

Изобат – мұхиттардың, теңіздер мен көлдердің тереңдіктері бірдей нүктелерін қосатын қисық сызықтар. Ірі су нысандарының тереңдігі изобаттармен көрсетіліп, көршілес жатқан изобаттардың аралығы қоюлығы əртүрлі көгілдір түстермен боялады

Сөз тізбекті әліпби бойынша қарау

Арнайылар | А | Ә | Б | В | Г | Ғ | Д | Е | Ё | Ж | З | И | Й | К | Қ | Л | М | Н | Ң | О | Ө | П | Р | С | Т | У | Ұ | Ү | Ф | Х | Һ | Ц | Ч | Ш | Щ | Ъ | Ы | І | Ь | Э | Ю | Я | Барлығы
Бұл секцияда жазбалар табылған жоқ