Глоссарий
- Тақырыптық карталар - табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық элементтері тереңдетіліп, нақты көрсетілетін жəне олардың бірі тақырыбын айқындайтын карталар;
- Атластар – бұл біртұтас шығарма ретінде бірыңғай бағдарламамен құрылған карталардың жүйеленген жиынтығы.
- Блок-диаграммалар – бұл қандайда бір жазықтықтың ұзына бойымен жəне көлденең қима-сызбалармен үйлестіріліп құрылған жер бетінің үш өлшемді перспективті кескіні.
- Сандық карталар – бұл сандық формадағы х пен у координаттар мен z апликаты нысандардың сандық үлгілері.
- Электронды карталар – бағдарламалық жəне техникалық құралдарды белгіленген дəлдікпен рəсімдеу ережелерін сақтап, шартты белгілер жүйесін пайдалану негізінде қабылданған проекцияда құрылған жəне компьютерлік ортада көрнекілендірілген сандық карталар.