Глоссарий
Глобустың тең аралық қасиеті – Жердің кішірейтіліп алған үлгісі болғандықтан, ұзындық масштабы глобустың кез-келген бөлігінде бірдей болуы.
Глобустың тең аудандық қасиеті – глобустың барлық бөліктерінде ұзындық масштабы тең болған жағдайда барлық бағыттарда ауданның масштабы да тең болуы.
Глобустың тең бұрышты қасиеті – тең аралық жəне тең ауданды қасиетіне сай глобустағы барлық нүктелердің бұрыштары да тең болуы.
Горизонтальдар - бұл Жер бетіндегі биіктіктері бірдей нүктелерді
қосатын қисық сызықтар.
Жер бедерінің карталары – жер бетінің үш өлшемді, көлемді үлгісі
түрінде құрылатын картографиялық өнім. Көрнекі, əрі, мағыналы болу
үшін мұндай карталардың көлденең масштабына қарағанда тік масштабы
таулы аумақтар үшін 2-5 есе, жазықтар үшін 5-10 есе ірі болып келеді