Талқылау форумы

Білім беру жүйесі

 
Гүлдана Амандық қатысушының суреті
Білім беру жүйесі
Гүлдана Амандық - Thursday, 24 April 2025, 11:41 AM келді
 

Өз ойыммен айтсам, қазіргі білім беру жүйесінде критериалды бағалау дәстүрлі баға қоюға қарағанда оқушының жеке білім траекториясын нақты әрі әділ көрсетеді. Себебі ол нақты критерийлерге сүйеніп, оқушының қай жерде қателескенін, қай тұста жақсы нәтиже көрсеткенін анық көруге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл оқушыларды әділ бағалауға, өз жетістіктерін саралауға, әрі мотивацияны арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушы арасында сенімді, сындарлы қарым-қатынас орнатуға жағдай жасайды.