Климатология
"Климатология" пәнінің мақсаты - атмосфераның физикалық-географиялық заңдылықтарын, атмосфераның құрылымы мен құрамын, ауа массаларының қасиеті мен оның жер шары бойынша айналымының басты заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Білім алушылар климат ұғымы, климаттық классификациялар, климаттың өзгеру себептері, климаттық жүйелер туралы біледі.
Пәннің негізгі міндеттері: атмосфераның қасиеттерін, оның физикалық және химиялық ерекшеліктерін зерттеу; атмосферада жүретін негізгі заңдылықтарын зерттеу және осы білімді табиғат құбылыстарын түсіндіру үшін қолдана білуге үйрету. Атмосферадағы физикалық-географиялық заңдылықтарды, күн радиациясының атмосфераға әсерін және олармен байланысты процестерді зерттеу; қазіргі кездегі климаттың жіктелуін, жергілікті климаттың қалыптасу себептерін зерделеу.