Тақырыптар бөлімі

  • ЖОО оқытушылары, магистранттар мен докторанттардың андрагогикалық құзыреттілігін дамыту

            Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері

     

    Бағдарламаның мақсаты –  ЖОО оқытушыларының ересектерге білім беру саласы бойынша кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

     Бағдарламаның  міндеттері:

    1.ЖОО оқытушыларының ересектер білімінің теориясы мен тәжірибесі жайлы білімдерін толықтыруға жағдай жасау;

    2. Ересектерге білім беруге қажетті құзырлылықтарының қалыптасуларына ықпал ету; ересек білім алушылар ретінде өзін өзі дамытуларына көмектесу;

    3.Құзыреттілікке бағытталған оқыту парадигмасы аясында коучинг, менторинг практикаларын ұйымдастыру арқылы тьюторлық қызмет дағдыларының жетілуіне ықпал ету;

     

    Курстан күтілетін нәтижелер: Курс соңында тыңдаушылар:

         - андрагогиканың ғылыми ерекшелігі, ұғымдары, категориялары туралы;

        -   ересектерді оқытудың алыс - жақын шет елдерде, өз еліміздегі даму тарихы жайлы түсініктерін толықтырады;

           -  ересек білім алушының әлеуметтік - психологиялық сипаттамасын;

          - субъектіліктің белгілері мен көрсеткіштерін;

         - ересектерге білім берудің әдіснамалық амалдары мен ұстанымдарын білетін болады.

        - ересектерді оқытудың технологияларына машықтанып, дәрістер мен семинар т.б. үлгі жоспарлар мен бағдарламаларды дербес құрастыра  алатын болады.

           - цифрлық платформаларда жұмыс жасау құзыреттіліктерін жетілдіреді.


    Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

     

      1.Громкова М.Т. Андрагоика: теория и практика образования взрослых. -М.: ЮНИТИ ДАНА. -2005. - 495 с

       2.Змеев С.И. Андрагогика: основы теории, истории технологии обучения взрослых. - М.:  Персе, 2007. - 264 с.

      3.Тұрғынбаева Б.А. Андрагогика: оқу құралы. – Алматы: Алатау, 2011. -180 б.

      4.Василькова Т.А. Основы андрагогики. – М.: КНОРУС. – 2013. – 252 с.

      5.Пилюгина С.А. Функции андрагогической субъектности учителя  //  Вектор науки ТГУ. - 2014. - №1. – С.  274-280.

      6.Қабекенов Ғ.У. Андрагогика. – Дарын баспасы, 2023. – 250 б.

      7.Онушкин Е.В. Непрерывное профессиональное образование взрослых во Франции. - М., 2005. – 190 с.

    8. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген.

     9.Клустер Д. Что такое критическое мышление? // Критическое мышление и новые виды грамотности. - М.: ЦГЛ, 2005. - С. 5-13.

    10.Киселева М.Н. Коучинг: проектная деятельность или регулярный процесс в организации // Управление развитием персонала. – 2015. – №4. – С. 296–300.



  • Андрагогиканың ғылыми мәртебесі.

     Андрагогиканың  ғылыми  мәртебесі. Андрагогиканың пайда болуы мен даму себептері. Ересектерге білім беру жұмысының маңызының өсу себептері. Ересек адамның өз білім, білік, дағдыларын әрдайым жаңартып отыру себептері. Ересектер білімінің түрлері. Андрагогиканың пәні, нысаны  категориялары. Ересек адамның әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы. «Ересек адам» ұғымы. Ересек білім алушының психологиялық сипаттамасы. Ересек адам көпөлшемді тіршілік иесі. Ересектіктің мазмұндық-мәндік кезеңдері. Модульде ұсынылған дәрістік сабақтар ересектер біліміне қатысты теориялық түсініктерін толықтыруға мүмкіндік береді.


  • Ересектерге білім берудің тарихы мен тәжірибесі.

    Ересектерге  білім  берудің  тарихы мен тәжірибесі. Ересектер білімінің үздіксіз білім беру жүйесіндегі орны мен ролі.  Ересектерді оқытудың шет елдердегі даму тарихы. Ресейде және Қазақстанда ересектерге білім берудің даму тарихы. Модуль мазмұнымен танысу барысында тыңдаушылар ересектер білімінің тарихи- ретроспективалық дамуы турасында мәліметтермен танысады. Қазақстандағы ересектер білімінің беталыстары идеяларымен танысып талдайды. Бұл олардың андрагогикалық құзыреттіліктерін дамытуға негіз болады.


  • Үздіксіз білім беру жүйесінде ересектерді оқытудың дидактикалық ерекшеліктері.

    Үздіксіз білім беру жүйесінде ересектерді   оқытудың дидактикалық  ерекшеліктері. Ересек адам білім субъектісі ретінде. «Субъект», «Субъектілік» ұғымдарының мәні. Субъектіліктің белгілері. «Кәсіби белсенділік өрісі» ұғымы. Маманның кәсіби іс-әрекетке дайындығының негізгі нұсқаларын сараптай келе, «кәсіби белсенділік өрісі» КБӨ түсінігі қолданылады, ол оқыту барысында ересек адамның (студенттің де) өзіне қажетті кәсіби білім мен тәжірибе жиынтығымен ара қатынасының шегін айқындайды. Витагендік бағыт. Витагендік білім беру - бұл білім алушыларға адам даралығының көрінісінің толықтығын, өз өмірінің жаңа нысандарын, қоғамның дамуына (өзгеруіне) барабар, витагендік (өмірлік) тәжірибенің толықтығын өзектендіру, оның жаңа сындарлы нысандарын алу арқылы қалыптастыруға көмектесуге бағытталған білім алушылар мен білім алушылардың өзара іс-қимыл процесі, бүкіл адамзаттың және оның жеке топтарының витагендік (филогенетикалық) тәжірибесіне сүйену.

        Модуль мазмұнымен жұмыс барысында тыңдаушылар өзара белсенді әдістер арқылы ересек адамның танымдық белсенділігінің теориялық негіздері, ересектерге білім беруде олардың өмірлік тәжірибесіне сүйену принциптерін түсінуге мүмкіндік алады.  Курс білімгерлері өзара әрекеттесу жағдайында өздерінің субъектілігін танытуға  жағдай жасалады. 


  • ЖОО оқытушыларының андрагогикалық құзыреттілігі

    ЖОО оқытушыларының андрагогикалық құзыреттілігі: құрылымы, мазмұны. Оқытушылардың андрагогикалық құзыреттілігі  қазіргі ЖОО мәселесі ретінде. Ересектер  білім алу барысында  басынан кешетін: психофизиологиялық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік қиыншылықтар. ЖОО оқытушысының кәсіби стандарты. Андрагог-педагогтың қызметі. Ересектер біліммімен айналысатын мамандардың  рөльдері: фасилитатор, модератор супервизия, коуч, тьютор т.б. ЖОО оқытушыларының андрагогикалық құзыреттілігі: құрылымы. Модуль мазмұнымен жұмыс барысында тыңдаушылар андрагог педагогтың қызметі, фасилитациялау принциптерін түсінуге мүмкіндік алады.  Өз шығармашылықтарын таныту әркеттерімен айналысады.

  • Ересектерге білім берудің технологиялары мен әдістері.

    Ересектерге  білім   берудің технологиялары  мен  әдістері. Ересектерді оқытудың тиімді технологиялары. Белсенді оқыту әдістері. SMART, «RWCT», «TIME MANAGEMENT», CASE STUDY технологиялары мен  Коучинг және  Ересектер білімінде цифрлық платформаларды пайдалану. Тыңдаушылар курс мазмұнымен жұмыста аталған технологиялар әдістерін пайдаланады. Оларды практикалық жолмен меңгереді.


  • Курстан кейінгі қолдау

    Курстан кейінгі қолдау

     

        1-кезең – куратордың (оқытушының) әртүрлі байланыс құралдарын (электрондық пошта, мессенджерлер, әлеуметтік желілер (WhatsApp және т.б.), қызметтерді (Google - Duo, Hangouts және т.б.) пайдалана отырып, кеңес беру курсын, on-line іс-шараларын жүргізуі, Интернет платформалары.

        2-кезең – пилоттық ұйымның жұмыс тәжірибесін (тыңдаушылардың құзыреттілігін) электрондық пошта, мессенджерлер, әлеуметтік желілер арқылы зерделеу. Оларды қажетті әдістемелік және цифрлық ресурстармен қамтамасыз ету, әдістемелік десанттарды жүзеге асыру.

        3-кезең – куратор (оқытушы) тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға қажетті қолдауды жүзеге асырады:

       - семинарларда, дөңгелек үстелдерде сөз сөйлеу (аймақтық, облыстық, республикалық деңгейдегі);

       - кәсіби конкурстарға қатысу (университетішілік, республикалық деңгейдегі);

        - республикалық және халықаралық басылымдарда, БАҚ-та ғылыми-әдістемелік мақалалар жариялау (авторлық бірлестікте болуы мүмкін).