2021 жылғы 23-27 тамыз аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Біліктілікті жетілдіру және қашықтықтан оқыту орталығы педагогикалық мамандықтар оқытушыларын 4 курс студенттерін дуальды оқытудан өтуге дайындауға байланысты «2021-2022 оқу жылында педагогикалық мамандықтардың бітіруші курс студенттерін қашықтықтан оқыту форматында дуальды оқытуды ұйымдастыру үшін Абай ат. ҚазҰПУ оқытушыларын даярлау» тақырыбында 40 сағаттық қазақ және орыс тілдерінде қашықтықтан оқыту режимінде курс өткізілді.
Курсқа педагогика және психология, жаратылыстану және география, математика, физика және информатика, филология және көптілді білім беру институттарының ПОҚ қатысты.
Орталық оқытушылары Оракова А.Ш., Корнилова Т.Б., Белденбаева М.Т. курсқа қатысушыларды педагогикалық мамандықтардың бітіруші курс студенттерін қашықтықтан оқыту форматында дуальды оқытуды ұйымдастыру үшін әдістемелік қолдау көрсетуде 2021-2022 оқу жылында басшылыққа алынатын нормотивтік-құқықтық құжаттармен, жаңартылған білім беру жағдайында білім сапасын қамтамасыз етуде оқу процессін ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерімен, таныстырды. Олар коучинг және тәлімгерлікті тәжірибеге енгізудің, Lesson study мен Action researchпроцесін ұйымдастырудың мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетудің артықшылықтары мен тәсілдерін талқылады. Курс соңында орталық директорының орынбасары Д.Есенұлының қатысуымен өткен дөңгелек үстелде тыңдаушылар нормативтік құжаттардың өзгеруіне байланысты әдістемелік қолдауды ұйымдастырудың өзекті мәселелермен тәжірибе алмасып, оларды жүзеге асыру жолдарын талқылады, курстың тиімділігі мен тақырыптардың өзектілігі, мазмұндылығы туралы ерекше атап өтті және алдағы уақытта орталықтың ұйымдастырылатын курстар жоспарларымен таныстырды.