Абай атындағы ҚазҚПУ-нің 1 курс докторанттарына арналған

2021 жылғы 1-5 ақпан аралығында  Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Біліктілікті жетілдіру және қашықтықтан оқыту орталығы университеттің 1-ші курс докторанттарына  докторанттардың әдіснамалық білімдер мен біліктерді меңгеріп ғылыми зерттеу әрекеттерінде  қолдануға даярлығын қалыптастырумақсатынада «Педагогикалық зерттеу әдіснамасы» тақырыбында 40 сағаттық қашықтықтан оқыту режимінде курс өткізілді.

Курсқа математика, физика және информатика, педагогика және психология, филология және көптілді білім беру институттарының докторанттары қатысты.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Тургунбаева курсқа қатысушыларды докторанттардың ғылыми танымның әдіснамасын, педагогикалық зерттеулерді жүргізудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдарының қызметін айқындауды, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды талдауды және өңдеуді зерттеудің логикалық аппаратын құру мен ғылыми жаңалықтардың деңгейін анықтау,  практикалық қызметке ендіру тетіктерін меңгертті. Олар тәжірибелік сағаттарда ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық аппаратын құрастыруды жеке және топтарда талдап, өз зерттеулерінің ғылыми аппаратын түзуге машықтанды. Әр тақырыпты талдаудан соң жүргізілетін рефлексияда  өзіндік ой тұжырымдар жасап, шешім қабылдауды меңгерді.  Кері байланыс жұмыстарында докторанттар алған білімдері мен тәжірибелерін өз зерттеу әрекеттерінде қолдану мақсатында тапсырмалар орындады. Курс соңында орталық директоры А.А.Семченконың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде тыңдаушылар курстың тиімділігі мен тақырыптардың өзектілігі, мазмұндылығы туралы ерекше атап өтті және алдағы уақытта орталықтың ұйымдастырылатын курстар жоспарларымен таныстырды.