Педагогикалық зерттеулердің ғылыми аппаратының құрамалары
Педагогикалық зерттеулердің ғылыми аппаратының құрамалары
Педагогикалық зерттеулердің ғылыми аппаратының құрамалары
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Зерттеу мәселесін таңдау және негіздеу.
2.Зерттеудің жетекші идеясы.
3.Зерттеудің нысаны мен пәні.
4.Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қорғауға ұсынылатын қағидалар.
5.Зерттеу нәтижелері, олардың педагогика ғылымы мен практикасы үшін маңыздылығы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мəні- оқу мен тəрбиенің теориясы жəне практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мəселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның əлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты əрі ерекше жағдайларға тəуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс (қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін) пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан əлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дəйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мəселенің ғылым аймағында зерттелу дəрежесінен туындайды.
Егер əлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нəтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал-жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама-қарсылықтарды баяндап беру. Əдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не əлі де күмəнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі- нысан. Зерттеу пәні (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа-қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті жəне пәніне сəйкес, əдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дəйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар – зерттеу жұмысы барысында алынатын теориялық және практикалық нәтижелердің ғылыми қағида түрінде тұжырымдалуы немесе не қорғалатыны жөніндегі жалпы сипаттама.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Мына тақырыптардағы зерттеулердің қарама-қайшылықтарының құрастырылу қисынын түсіндіріңіз:
«Жоғары оқу орнында болашақ жаратылыстану пәндері мұғалімін даярлаудың теориясы мен практикасы» (С.С. Маусымбаев);
«Болашақ мұғалімнің деонтеологиялық даярлығын қалыптастыру» (Қ.М. Кертаева);
«Қазақстан Республикасының классикалық университтерінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының үздіксіз жүйесінің дамуы» (Ә.М. Құдайбергенова);
2. Келесі зерттеулердің теориялық негіздерінің тақырыпқа сәйкестігін анықтаңыз:
«Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері» (Б.А. Досжанов);
«Мектептегі оқу эксперименті арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру» (Н.А. Сәндібаева).
3. Педагогикалық зерттеудің “мәселесі” мен “тақырыбы” ұғымдарының арақатынасын анықтаңыздар.