ДӘРІС 9. КАРТОГРАФИЯЛЫҚ СЕРВИСТЕР

ДӘРІС 9. КАРТОГРАФИЯЛЫҚ СЕРВИСТЕР

Дәрістің мазмұны

 

1.       Картографиялық сервис және оның пайда болуы

2.       Картографиялық сервистердің топтастырылуы

 

Ең алғашқы картографиялық сервистер АҚШ-та пайда болды. 1995 жылы Grasslinks GRASS GIS бағдарламалық жасақтамасын (АҚШ армиясының инженерлік корпусынан) www-мен байланыстыратын алғашқы толыққанды онлайн ГИС қызметі болды. GRASS - бұл экологиялық және географиялық мәліметтерге қол жетімділікті қамтамасыз ететін ғаламторға негізделген картографиялық сервис. GRASSLinks Берклидегі Калифорния Университетінде экологиялық жоспарлау және ГАЖ (REGIS) ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында әзірленгендігін айта кеткен жөн.

Қазіргі уақытта Google Maps, Яндекс карталары және басқа да бірқатар танымал картографиялық порталдар API (Application Programming Interface — қосымшаларды бағдарламалау интерфейсі) ұсынады, оның көмегімен карталарды үшінші тарап сайттарына салуға және қосуға болады. API – бұл кез-келген қызметке кіруге және одан деректерді сұрауға мүмкіндік беретін құралдар жиынтығы. Әзірлеуші оны бағдарламаның, кітапхананың, модульдің функционалдығына қол жеткізу үшін пайдалана алады.

Картографиялық сервис - бұл интерактивті карта түрінде кеңістіктік деректерді беретін мамандандырылған ақпараттық жүйе. Картографиялық web-сервис қолданбалы бағдарламалау интерфейстері (API) негізінде картографиялық ақпаратқа web-қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Интернет желісінде картографиялық сервистер өте көп. Оларды кеңістіктік ауқымы жағынан ғаламдық, құрлықтық, республикалық және өңірлік деп бөліп қарастыруға болады. Ал көрсететін сервистік ерекшеліктеріне қарай бойынша мынадай топтарға бөлуді ұсынамыз:

1.Әмбебап картографиялық сервистер.  Бұл картографиялық сервистер бірнеше тақырыпта ақпараттарды бере алады және әртүрлі бағыттарда қолдануға болады. Бұларға мысал ретінде «Дүние жүзінің визуалдық картасы», «Spacegid.com», «Космоснимки», «Gorus maps» және «SAS Планета» сервистерін мысалға келтіруге болады.

2.Жол-навигациялық картографиялық сервистар: Яндекс Карталар (https://yandex.kz/maps), Bing карталары (https://www.bing.com/maps/),; OpenStreetMap (https://www.openstreetmap.org), 2ГИС (https://2gis.kz) және т.б.

Осы картографиялық сервистердің ішінде күнделікті өмірде кең қолданыс тапқан Яндекс карталар, Google Maps және 2ГИС туралы және олардың бір-бірінен айырмашылығы туралы толығырақ ақпараттар келтірдік:

3. Транспорттық-навигациялық картографиялық сервистер. Бұл топқа жататын картографиялық сервистердің айқын мысалы ретінде OpenSeaMap - ашық теңіз картасыFlightradar 24 (ғаламдық ұшуды бақылау қызметі), Әлемдік теңіз тасымалы сервисінің картасы  және т.б.

4. Әлеуметтік-эканомикалық және демографиялық картографиялық сервистер: «Әлем және оның аймақтарының карталары және статистикасы», «Дүниежүзі халқының карталары» (https://www.ined.fr/en/everything_about_population/graphs-maps/world-maps-interactiv/), «Халық санының серпіні (Population Dynamics)» (https://population.un.org/wpp/Maps/) және т.б. кіреді.

5. Экологиялық картографиялық сервистер. Қазіргі кезде интернет желісінде көптеген экологиялық бағыттағы картографиялық сервистерді кездестіруге болады. Олардың ішіндегі ең танымалдарына:  Ғаламдық адамзат ізінің мәліметтер базасы (https://data.footprintnetwork.org/#/?/), Ғаламдық ластану картасы (https://www.pollution.org), Әлем бойынша ауаның ластануы (www.waqi.info), Атмосфералық бақылау модельдері  (https://aqicn.org/forecast/), Ғаламдық орманды бақылау картасы (https://www.globalforestwatch.org/map), Өрттер картасы  (https://fires.ru), Әлемдік пластик навигаторы  (https://plasticnavigator.wwf.de), Protected Planet – Қорғалатын планета (https://www.protectedplanet.net/), Жердегі уақыт интервалы (https://earthengine.google.com/timelapse/)  және т.б.

              Көптеген халықаралық және мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер сервистік қызмет көрсету немесе өз жұмыстарын аумақтық ұйымдастыру және жұмыстарының нәтижелерін демонстрациялау мақсатында осындай картографиялық сервистерді әзірлейді. Олардың саны жыл санап артып, қоғамдық түрлі салаларында кең қолданыс тапқаны соншалық, адамның күнделікті қолданатын ақпараттық құралына айналды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Лайсханов Ш.У., Каймулдинова К.Д., Алиаскаров Д.Т. Геоинформатика: География мұғалімдерін даярлайтын ЖОО студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: ОНОН баспасы, 2022. – 198 б.

2.     Баранов Д.А., Влацкая И.В., Панкратьев П.В., Петрищев В.П., Степанов А.С.

2.Программная платформа построения интерактивных картографических сервисов // Вестник Оренбургского государственного университета 2016 № 4 (192). – С. 54-60.

3.     ТОП 5 Картографических сервисов для интеграции на сайт: Обзор основных сервисов, плюсы и минусы. URL: https://peiko.space/ru/blog/article/top-5-cartographic-services-for-your-site-overview-pros-and-cons

4.     Обзор онлайновых картографических сервисов. URL: https://3dnews.ru/587095