ДӘРІС 6. ГЕОИНФОРМАТИКАДАҒЫ ДЕРЕККӨЗДЕР: СТАТИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК
ДӘРІС 6. ГЕОИНФОРМАТИКАДАҒЫ ДЕРЕККӨЗДЕР: СТАТИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК
Дәрістің мазмұны
1. Статистикалық деректер көздері
2. Қызметтік деректер көздері
Статистикалық деректер көздері. Дереккөздердің бұл тобын бірқатар халықаралық ұйымдар және мемлекеттік статистика агенттіктері мен мекемелері жинақтайды. Статистикалық деректерге экономиканың жекелеген салаларының, мемлекеттік қызметтердің есептері және жекелеген бағыттар бойынша тұрақты бақылаулардың нәтижелері: энономикалық, әлеуметтік, гидрологиялық, метеорологиялық, экологиялық, сервистік және т.б. кіреді.
Статистикалық деректер көп жағдайда ашық интернет ресурстары арқылы қолжетімді болады. Олардың бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз (1-кесте).
1-кесте – Интернет ресурстарындағы қолжетімді статистикалық материалдар
Дереккөздің басты беті |
Атауы және сайты
|
Қолжетімді деректер |
|
Әлем елдері мен аймақтарының рейтингісі |
Әлем елдерінің экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси даму жағдайы, білім беру сапасы, денсаулық сақтау деңгейі, қауіпсіздік және т.б. бойынша рейтингтері |
|
AQUASTAT ауылшаруашылығы бойынша мәліметтер базасы http://www.fao.org/aquastat/statistics/ |
Әлем бойынша жерді пайдалану, айдалған жерлердің көлемі, экономика, даму және азық-түлік қауіпсіздігі, жауын-шашын, су ресурстары, тастанды сулар, дақылдардың өнімділігі, суландыру, дренаж жүйесінің дамуы, қоршаған орта, ауыз су ресурстары және т.б. |
|
ҚР Ұлттық статистика бюросы
|
Қазақстан және оның өңірлері бойынша халқы, демографиясы, экономика салаларының өсу қарқыны, ЖІӨ, қоршаған орта, транспорты, мәдениет, ғылым мен инновация, инвестиция және құрылысс, қызмет көрсету салалары және т.б. статистикасы |
Статистикалық деректер көздерінің артықшылықтары:
1. Экономика мен халықтың тыныс-тіршілігінің барлық аспектілерін толық қамтуы.
2. Деректерді алу және өңдеу әдістерінің біртұтастығы.
3. Ақпаратты компьютерлік нысанда ұсыну және жинақтау мүмкіндігі.
4. Пайдаланушылар үшін материалдардың салыстырмалы түрдегі құнының төмендігі.
Статистикалық деректер көздерінің кемшіліктері:
1. Ескірген ақпарат (алынған сәттен бастап шамамен 6-12 ай).
2. Аумақ туралы мәліметтер кеңістіктік байланбаған.
3. Нысандарды сәйкестендіру жүйелерінің кеңістіктік компоненті жоқ және олар геодезия мен картографиядағы сәйкестендіру жүйелеріне сәйкес келмейді.
Қызметтік деректер көздері. Бұл топқа аумақ туралы ақпаратты қамтитын және жеке кәсіпорындар мен ұйымдарда жасалған барлық материалдар кіреді. Бұл материалдарды қолданудың негізгі проблемасына – олардың формаларының, форматтарының, мазмұндарының, құрылымдарының әртүрлілігі жатады. Сонымен қатар, ГАЖ-өңдеу аясында өзара байланыстыра отырып, пайдалану өте күрделі. Сонымен бірге, бұл материалдар зерттеліп отырған мәселені қамтуы және оған анағұрлым жақын болуы мүмкін. Осы дереккөздер топтамасына ғылыми зерттеу ұйымдарында жүргізілген зерттеу жұмыстарын, яғни, ғылыми материалдарды да жатқызамыз. Олардың картографиялық модельдеу жұмыстарындағы маңыздылығы баршаға мәлім.
Қазіргі кезде ғылыми материалдарды әртүрлі халықаралық іздестіру жүйелері арқылы оңай табуға болады. Кейбір үздестіру жүйелеріне тіркелмей ақ, тақырыптар немесе кілт сөздер арқылы іздестіруге болады (2-кесте).
2-кесте – Ғылыми материалдарды іздестру жүйелері
Іздестіру жүйелері |
Іздестіру жүйесі туралы қысқаша ақпарат |
Google Scholar http://scholar.google.com |
Ірі ғылыми баспалардың мақалаларын, баспалар веб-мұрағаттарындағы, университеттердің, ғылыми қоғамдардың және басқа да ғылыми ұйымдардың сайттарындағы жарияланымдарды қамтиды. Бұл іздестіру жүйесі арқылы бірнеше тілде жарияланған ғылыми, сонымен қатар оқу-әдістемелік еңбектерді табуға болады. Google Scholar жарияланымдардың дәйексөз индексін есептейді және табылған мақалаларға сілтемелері бар мақалаларды табуға мүмкіндік береді |
ERIC https://eric.ed.gov |
Education Resources Information Center (EPIC) - бұл ғаламторға негізделген, жан-жақты қолдануға оңай, іздеуге ыңғайлы, білім беру саласындағы зерттеулер мен ақпараттың библиографиялық және толық мәтінді мәліметтер жүйесі. ERIC Веб-сайтын АҚШ білім департаментінің білім беру ғылымдары институты көпшілікке пайдалану үшін тегін ұсынады. ERIC жүйесінде журнал мақалаларына, есептерге, жинақтарға және кітаптарға жыл сайын 48000 жаңа жазба қосылады. Жүйе 26 елдің 1250 ғылыми журналын қамтиды қамтиды. |
Elibrary |
Ғылыми Электронды кітапхана eLIBRARY.RU – бұл ғылым, технология, медицина және білім беру саласындағы 38 млн-нан астам ғылыми жарияланымдар мен патенттердің рефераттары мен толық мәтіндерін, оның ішінде 5600-ден астам ресейлік ғылыми-техникалық журналдардың электрондық нұсқаларын қамтитын аса ірі ресейлік ақпараттық-талдау порталы, оның ішінде 4800-ден астам журнал ашық, әрі қолжетімді. Бұл іздестуру жүйесі арқылы қазақ тіліндегі ғылыми еңбектерді де табуға болады. |
JournalMap https://www.journalmap.org/search |
Кілт сөздер бойынша дәстүрлі іздеумен үйлестіре отырып, географиялық, биофизикалық деректерге негізделген ғылыми жарияланымдарды іздеуге мүмкіндік беретін іздестіру жүйесі. Бұл жүйенің басқа іздестіру жүйелерден ерекшеліктері – ғылыми материалдар карта бетінде кеңістіктік байланған. Яғни, ғылыми мақаланың зерттеу нысаны қай табиғи аумаққа тиесілі екендігі карта арқылы көрсетілген. |
ResearchIndex - ResearchGatehttps://www.researchgate.net |
Ғылыми веб-сайттардан PostScript және PDF форматындағы мақалаларды индекстейтін ғылыми іздеу жүйесі. Көптеген мақалалар (авторлардың өтініші бойынша) тегін жүктеу үшін қол жетімді. Мақалалар бойынша толық мәтінді іздеуден басқа, жүйе осы жарияланымға немесе авторға сілтемелер іздейді. |
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Лайсханов Ш.У., Каймулдинова К.Д., Алиаскаров Д.Т. Геоинформатика: География мұғалімдерін даярлайтын ЖОО студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: ОНОН баспасы, 2022. – 198 б.
2. Основные картографические источники. URL: http://geoman.ru/books/item/f00/s00/z0000060/st068.shtml
3. Электронная библиотека. URL: http://library.mephi.ru/icb2/glav5_new.html
4. Поисковые системы. URL: http://prometeus.nsc.ru/sciguide/page01.ssi