лекция 2

лекция 2

Дәріс  №2. Тақырыбы:  Тас ғасырындағы Қазақстан (б.з.б. 2,6 млн.ж. -б.з.б. 3 мың ж.).

Қаралатын мәселелер:

1.Жер шарының және адамзаттың пайда болуы;

2.Тас  дәуірін археологиялық және мәдени кезеңдеу. Тас өңдеу техникасы;

3.Тас дәуірінің  антропологиялық сипаты;

4.Тас дәуірін тарихи кезеңдеу.

 

Әдебиеттер:

Негізгі:

Ким Г.В. История Казахстана. Учебник для вуза. 5-е изд., перераб. и доп. – Алматы: Алматыкітап, 2013. – С. 17-25.

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.  –  І том. – Алматы, 1996. – 16-31, 68-84-бб.

 Қосымша:

Алпысбаев, Х. А.. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана = Lower palaeolithic monuments of southern Kazakhstan.Алма-Ата, 1979.

Байгунаков Д.С. Көне Қазақстанды зерттеген ғалымдар.  –  Алматы: Credos LTD, 2015.

Байгунаков Д.С. Тас ғасыры: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2018.

Байгунаков Д. С. Қазақстан тас ғасыры дәуірі: зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері.Алматы, 2003.

Таймагамбетов, Ж. К.. Палеолит Арало-Каспийского региона.Алматы, 2012.

Таймағамбетов, Ж.Қ. Қазақстанның тас дәуірі.Алматы, 2008.

Қазақстан мен Орталық Азия тас дәуірінде.Алматы, 2013.

Тургунбаев Е.М., Байгунаков Д.С. Адамзаттың тарихилыққа дейінгі эволюциясы: оқу құралы. –  Алматы: Қазақ университеті, 2018. 242 б.

Харари Ю.Н. Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 386 б.

Алғашқы адамдар бұдан 2 млн  жыл бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін  тіршілік етіп келеді. Қазақстанның тас дәуірін зерттеп, қазақ жері   ойкумена  болды   деп дәлелдеп, сенсациялық жаңалық ашқан қазақ археолог-ғалымы Хасан Алпысбаев болды.  Ол 20 жыл бойы археолог-зерттеушілерден құралған Қаратау отрядын басқарды, Қаратау өңірінен алғашқы адамдардың тұрақтарын тауып, зерттеді.

Археолог Х.А.Алпысбаев (1928-1979).

Қазақстанның тас дәуірін зерттеуді кейіндері археолог Ж.Қ. Таймағамбетов және т.б. одан әрі жалғастырды. Археолог ғалымдардың ерен еңбегінің нәтижесінде Қазақстан жеріндегі көптеген палеолиттік тұрақтар айқындалды.

      Археологиялық кезеңдеу:

Палеолит: ежелгі (б.з.б. 2 млн – 140 мың жыл) орта (б.з.б.140 – 40 мың жыл), кейінгі (б.з.б.40 – 12 мың жыл). Бұдан 4,5 млрд.жыл бұрын жер шары, ал жердегі тіршілік 3,5 млрд. жыл бұрын пайда болған.

Палеолиттегі мәдени кезеңдер: дошель (олдувэй), шелль, ашель – ежелгі палеолит; соңғы ашель, мустье – орта палеолит; ориньяк, салютре, мадлен – кейінгі палеолит. Өз кезегінде палеолит үшке  бөлінеді: төменгі (б.з.б 2 млн жыл  – б.з.д. 140 мың жыл), орта (б.з.б. 140 – 40 мың жыл)  және жоғарғы (б.з.д. 40 мың жыл – 12 мың жыл). Адамзат табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен шектелді. Ежелгі  палеолит адамзат пен шаруашылықтың қалыптасу кезеңі болып саналады. Тас өндеу техникасында өзгерістер пайда болды. Малта тасты жұмыр таспен жарып өндеді. Мұндай ерте тас дәуіріндегі тас құралдар жасау тәсілі – жарып түсіру техникасы деп аталады. Алғашқы тас құралдарды археологтар чоппер және чоппинг деп атады. Орта тас дәуірінде нуклеустік тәсіл пайдалынады. Бұл нуклеусті (дөңгелек өзектасты) шетінен ортасына қарай жарып жарықшақ дайындайтын тәсіл. Кейінгі палеолитте ретушьтік тәсіл – тасты түзету арқылы өндейтін тәсіл пайда болды.

Мезолит – б.з.б. 12 мың жыл – 5 мың жыл. Қазіргі климат қалыптаса бастады, адамдар садақты, бумерангты, балық аулау құралдарын, ең алғашқы көлікті – қайықты ойлап тапты. Тас тілгіштерге ағаштан сап жасап алуды меңгерді. Қазақстандағы мезолиттік қоныстар Солтүстік және Орталық Қазақстан жерінен табылды.

Неолит б.з.б. 5 мың жыл - 3 мың жыл. Неолитте табиғи орта қазіргі заманғы бейнеде болды. Адамдар тасты кесуді, жонуды, жалтырата тегістеуді меңгеріп, геометриялық өрнек салынған күйдірілген қыш ыдыс яғни керамика, ал граниттен дән үгіткіш жасады. Сүйектен біз бен ине жасап, өсімдік талшығынан киім тігіп алды. Жабайы жануарларды қолға үйретіп, жер өңдеудің қарапайым түрімен айналысты. Өнім өндеуге көшті. Өндіруші шаруашылықтың шығуын ғылымда неолиттік төңкеріс деп атайды. Неолиттік ескерткіштер: Сексеуіл тұрағы (Арал өңірі), Ботай (Ақмола облысы), Маханжар (Тобыл бойы),      Атбасар (Есіл бойы), Кельтеминар (Батыс Қазақстан), Усть-Нарым (Шығыс Қазақстан) және т.б.

Ежелгі адамдардың киімі

Ежелгі адамдардың үйі

 

Энеолит б.з.б. 4 мың жыл - 3 мың жыл. Адамзаттың тау-кен ісін меңгере бастаған кезі. Солтүстік Қазақстан жерінде орналасқан Ботай мәдениетін  археолог В.В. Зайберт  ашты. Қазақстанның далалық және орманды бөліктердегі энеолит дәстүрлі аңшылық, балықшылық кезең ретінде қарастырылады.

Тас дәуірінің антропологиялық сипаты. Адамзаттың шығуын, дамуын, нәсілдің қалыптасуын зерттейтін ғылым саласы антропология деп аталады. Антрополог ғалымдар адамның даму эволюциясын былайша тарқатады: Австролипитек ( епті адам – homo abilis), жасы  – 1млн 750 мың, Шығыс Африкадан, Олдувэй шатқалынан 1959-60 жж. табылды, миының көлемі-652 см. Питекантроп (тік жүретін адам – homo erestus), 1890-1891жж. Ява аралынан, Африкадан табылды. Синантроп 1927 ж. Чжоу-коу-дянь үңгірінен, Қытайдан шықты, жасы – 1 млн, ми көлемі – 950см. Неандерталь (саналы адам – homo sapiens), 1956ж. Неандерталь үңгірінен, Германиядан табылды, жасы – 140 мың жыл, ал ми көлемі  – 1300-1400 см. Неандерталь адам орта палеолитте өмір сүрді, ол атты мінуді ойлап тапты, аналық рулық қоғамды және алғашқы діни сенімді қалыптастырды, нуклеустік тәсілді меңгерді. Краманьон (қазіргі адамға ұқсас), 1868 жылы Краманьон үңгірінен, Франциядан табылған, жасы – 40  мың жыл, ми көлемі – 1500-1800 м.

Нәсілдік және нәсілдік топтың шығуы  кейінгі палеолитке сәйкес келеді.

Тас дәуірін тарихи кезеңдеу. Алғашқы адамдар тобыры –  ежелгі палеолитке, қауым – орта палеолитке, аналык рулық кұрылыс – кейінгі палеолитке, аталық құрылыс энеолитке сәйкес келеді.

Қорыта келгенде, ежелгі Қазақстан жері ойкумена болды. Археолог ғалымдар ежелгі Қазақстанның тұрғындары бұдан 1 млн жыл бұрын осы жерді қоныс еткен және олар питекантроп пен синантроптың замандасы болған деп есептейді. Тас дәуірін зерттеу Қазақстан жері адамзаттың ежелгі өркениетінің ошағы болды деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

«Тас ғасырындағы Қазақстан» тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары:

1)Қазақ археологы Х.Алпысбаев қандай жаңалық ашты?

2)Адамзаттың пайда болуы мен даму эволюциясын, адамның нәсілінің қалыптасуын зерттейтін ғылым қалай  аталады?

3) Нәсілдің шығуы қашан болды?

4) Адамзаттың және шаруашылықтың қалыптасу кезеңі қашан болды?

5)Адамзаттың тау-кен ісін меңгере бастаған кезеңін атаңыз?

6)Тас дәуірінің тас өңдеу техникасын баяндаңыз.

7) Өнімді шаруашылықтың шығуы ғылымда қалай аталады?

8) Адамзат ең алғашқы көлікті (транспортты) қалай ойлап тапты?

9) «Адамды адам еткен – еңбек» деген тақырыпта қысқаша әңгіме айтып беріңіз.