Глоссарий 1


Геоматика дегеніміз - деректерді өңдеу және геожүйелерді талдау үшін ақпараттық технологияларды, мультимедиа мен телекоммуникация құралдарын қолдану жиынтығы.

Геоинформатика (А.М. Берлянт бойынша) - деректер базасы мен географиялық білім негізінде табиғи және әлеуметтік экономикалық геожүйелерді (олардың құрылымын, байланыстарын, динамикасын, кеңістік-уақыт қызметін) компьютерлік модельдеу арқылы зерттейтін ғылыми пән.

Геоинформатиканың ғылым ретіндегі анықтамасы: Деректер базасы мен географиялық білім негізінде компьютерлік модельдеу (үлгілеу) және талдау арқылы табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді зерттейтін ғылыми пән.

Геоинформатиканың ақпараттық технология ретіндегі анықтамасы: Геожүйелерді басқару, оңтайландыру және жинақтау мәселелерін шешуге бағытталған кеңістікте таралған ақпараттарды жинау, сақтау, түрлендіру, көрсету және тарату технологиясы. ГАЖ - шешім қабылдау процесінде ақпаратты жинақтау мен талдаудың техникалық құралы.

Геоинформатиканың ақпараттық өндіріс ретіндегі анықтамасы: Кеңістікте таралған ақпаратты жинақтау және өңдеу, кеңістіктік шешімдерді дайындау, сонымен қатар геоақпараттық жүйелер мен технологияларды құру және пайдалану бойынша өндірістік қызмет атқарады.

Browse the glossary using this index

Special | A | B | C | D | E | F | G | H | I | J | K | L | M | N | O | P | Q | R | S | T | U | V | W | X | Y | Z | ALL
No entries found in this section