Глоссарий 4
Үстелдік ГАЖ – пайдаланушыларға географиялық нысандар туралы деректерді және олармен байланысты атрибуттық ақпаратты көрсетуге, таңдауға, жаңартуға және талдауға мүмкіндік беретін жеке компьютерге арналған картографиялық бағдарламалық жасақтама.
Геодеректер базасы дегеніміз – векторлық және растрлық, мекенжайлық нүктелер, геодезиялық өлшемдер деректері және басқа да көптеген деректердің құрылымы мен сақталу ережелерін анықтайтын ESRI компаниясы жасаған модель.
Веб-ГАЖ немесе бұлтты ГАЖ - қарапайым веб-браузерлер арқылы кеңістіктік деректерді қарау, өңдеу, талдау және оларды бұлтта сақтау функцияларына ие интернет желісіндегі геоақпараттық жүйе.
Мобильді ГАЖ – бұл кеңістіктік деректерге қол жеткізуге, өңдеуге, талдауға және графикалық түрде визуализациялауға арналған, жергілікті жердегі мәліметтермен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мобильді құрылғыларға арналған геоақпараттық қосымшалар.
ГАЖ-сервері – кеңістіктік деректерді, карталарды және оларды жергілікті немесе жаһандық желілерде (соның ішінде Интернет желісінде) өңдеудің алгоритмдерін (модельдерін) жариялауға, сондай-ақ оларға сұраныстарды өңдеуге арналған бағдарламалық кешен.