Глоссарий
- Дүние жүзінің саяси картасы - олардың басқару формалары мен мемлекеттік құрылымын бейнелейтін географиялық карта.
- Тәуелді аумақтар – тәуелсіздігін алмаған, бірақ елге тән барлық сипаты (белгіленген аумағы, шекаралары, тұрғын халқы және т.б.) бар аумақтар.
- Саяси картадағы сандық өзгерістер - мемлекетке жаңа жерлердің қосылуы, соғыстар барысында жерінен айрылуы немесе керісінше жаңа аумақтарды қосып алуы, мемлекетаралық келісімдер негізінде жер үлескілерін айырбастауы, мемлекеттердің қосылуы немесе бөлінуі және т.б.
- Саяси картадағы сапалық өзгерістер - елдің егемендігін алуы, басқару формасы мен мемлекет құрылымының, мемлекетаралық одақтардың құрылуы және т.б.