Глоссарий
Мәдениеттің ғаламдануы - ұлттар мен халықтардың арасындағы біртіндеп
дәстүрлік шекаралары жойылатын және олар жақындасатын, адамзат өзінің
біртұтастығын сезіне бастайтын тарихи үрдіс.
Этноскейп — бұл миграциялық ағымдағы қауымдастық өкілдері. Олардың
қатарына туристер, мигранттар, босқындар, шетел жұмысшылары кіреді. Олар
ғаламдық мəдениет ұқсастығының өзегін құрайды. Техноскейп — бұл ғаламдық
мəдениеттің техникалық, ақпараттық бөлігі. Техноскейп арқылы жалпы планетарлық
деңгейде əрбір тұлға мəдени кеңістікке қатыса алады. Интернет, бұқаралық
ақпарат көздері арқылы ақпарат ала алады. Медиаскейп - бұл арқылы тұлға, мемлекет бейнелері сомдалып, ақпараттық
соғыстарға əкеліп соғады. Идеоскейп — мемлекет идеологиясына, саяси идеяларға байланысты
құрылатын кеңістік. Бостандық, адам құқығы, егемендік, демократия ұғымдары
арқылы тұлға санасына қашықтықтан ықпал ету құралдары. «Мəдени империализм» - шетелдік мəдениеттің құндылықтары мен
ғұрыптарын өзге ұлттың мəдениеті есебінен тарату мен көтеру үшін саяси жəне
экономикалық билікті қолдану.