Талқылау форумы

Жауап

 
Изображение пользователя Гүлмайран Байсова
Жауап
от Гүлмайран Байсова - Среда, 23 апреля 2025, 15:52
 

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың оқу жетістігін бағалауда критериалды бағалау жүйесі оқушының жеке білім траекториясын нақты әрі әділ көрсетуге анағұрлым тиімді деп ойлаймын. Себебі бұл жүйе оқушының нақты оқу мақсатына қаншалықты жеткенін көрсетеді және бағалаудың мазмұнын ашып көрсетеді.


Дәстүрлі баға қою жүйесінде оқушы тек “5”, “4”, “3” деген сандармен бағаланады. Бұл сандардың артында нақты не үшін баға қойылғаны белгісіз болуы мүмкін. Мұндай бағалау оқушының дамуына емес, көбіне салыстыруға, “үлгерім” көрсеткішіне басымдық береді.


Ал критериалды бағалау жүйесінде:

• Оқушының білімі алдын ала берілген нақты критерийлерге сай бағаланады;

• Әр оқушы өз деңгейін айқын көре алады, қай тұста қателескенін және қалай түзету керегін біледі;

• Бұл оқушыға өзіне-өзі баға беруге, рефлексия жасауға мүмкіндік береді;

• Оқу процесіне деген ішкі мотивацияны арттырады, себебі бағалау әділетті, ашық, түсінікті.


Мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас та өзгереді – бұйрық беруші мен орындаушы емес, әріптес деңгейінде қарым-қатынас орнайды. Мұғалім оқушыны жетістікке жетелеуші ретінде көрінеді.