BASIC ENGLISH: ELEMENTARY
Курс туралы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Базалық ағылшын тілі (Basic English) жаппай ашық онлайн курсы ағылшын тілінің бастапқы деңгейін меңгергісі келетін барлық студенттерге арналған. Бұл курс менің болашақ кәсібім (my future profession), отбасы және отбасы мүшелері (family and family members), күн тәртібі (daily routine) және өткен апта немесе демалыс күндері (last weekend or weekends) сияқты қарым-қатынаста күнделікті өте жиі кездесетін тақырыптарды қамтиды. Әр апта сайын тыңдалым, оқылым және жазылым сияқты дағдылар дамытылады, курсты аяқтағаннан кейін қарапайым сұрақтарды қою, қысқа сұхбаттар жүргізу, қарапайым деңгейде ойды жеткізу сияқты қабілеттер қалыптасады.
Бұл курста ашық білім беру ресурстары (Open Education Resources), анимациялық және шынайы өмірдегі адамдардың суреттері мен авторлық қысқа мәтіндер, тапсырмалар, тесттер қолданылды.
Курстың құрылымы
1-апта. Subject pronouns (Positive/Negative/Question) + the verb ‘to be’.
(Introducing yourself, My future profession, Jobs)
2-апта. Present Continuous (am/is/are + V+ ing), (Family, family members+
What is my family doing?)
3-апта. Present Simple (Spelling Rules +Positive/Negative/Question)
(Talking about daily routines)
4-апта. Past Simple Tense (Regular/Irregular Verbs)
(Last weekend/ At weekends)
Курстың мақсаты
Жалпы тілді үйренушілер үшін берілген лексикалық тақырыптар мен сөз тіркестерін және грамматикалық құрылымдарды күнделікті өмірде және кәсіби қарым-қатынаста еркін қолдана білуге үйрету.
Курстың екінші мақсаты - болашақ педагогтарды жаппай ашық онлайн курсына қатыстыру арқылы цифрлық құзыреттіліктерін дамыту.
Курстың күтілетін нәтижелері
1) Берілген лексикалық тақырыптардағы сөз тіркестері және грамматикалық құрылымдар көмегімен қысқа сұхбаттар, мәтіндердің мағынасын түсіну;
2) Тақырыптар бойынша сөз тіркестері мен грамматикалық құрылымдар арқылы сөйлемдер құра білу, мәтіндердің лексикалық-грамматикалық құрылымын түсіну және мағынасына тұжырым жасай білу;
3) Әр апталық пікір сайыс форум тақырыптарына қажетті грамматикалық құрылым мен лексиканы пайдалану арқылы өз блогын жазу, жіберу және басқаларының пікірлерімен ой бөлісу, сұрақ қою, өз қажетіне керек ақпаратты сүзу;
4) Өтілген мазмұн бойынша қысқа сұхбаттарды түсіну және құру, мәтіннің тілдік құрылымын түсіну, мазмұнын жеткізу;
Қол жеткізу индикаторлары
1)
Тақырып бойынша сұхбаттар мен мәтін мазмұнын түсіну/анықтау.
2) Мәтін, пікір сайыс форумдарынан ақпарат алу.
3) Берілген мазмұн бойынша қысқа сұхбат құру және мазмұнды жеткізу.
4) Білімді нығайту/өзін-өзі бағалау мақсатында тест тапсырмаларын орындау.
5) Әр түрлі мазмұнда лексикалық-грамматикалық құрылым айырмашылығын талдау және ойды жеткізу.
Пререквизиттер мен постреквизиттер
Мектеп бағдарламасы бойынша шет тілі. Pre-Intermediate,
Intermediate, Upper-intermediate, Advanced деңгейлері бойынша шет тілі.
Ақпараттық ресурстар
1.
https://www.youtube.com/watch?v=Z7GZkShQK7s
2. https://www.youtube.com/watch?v=rqLNX_g0E-A&t=22s
3. https://www.youtube.com/watch?v=EVXyBwNr8bM&t=276s
4. https://www.youtube.com/watch?v=ow-dhYYG94k&t=124s