2019 жылдың 03-13 желтоқсан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің Біліктілікті жетілдіру және қашықтан
білім беру орталығының жоспарына сәйкес университеттің ғылыми кітапхана
қызметкерлеріне «Кітапхана және ақпараттық қызметтегі менеджмент» (80
сағ) тақыбында курс өтті.
Курс бағдарламасы мамандарды кітапхана саласы бойынша ғылымның
соңғы жетістіктерімен, алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік
тәжірибелермен таныстыру, кітапхана ісін модернизациялау, оның
құрылымы мен мазмұнын жаңарту жұмыстарына дайындау және кітапхана
ісін модернизациялауда кітапхананы тиімді басқаруға қажетті кітапхана
менеджерлерінің басқарушылық құзіреттілігін арттыруға бағытталды.
Курс барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
кітапхана директоры, п.ғ.к. Туленбаева Калима Тулеубаевна «Ақпараттық
қызмет және деректер базасын басқару (ИРБИС 64), «Кітапханалық
менеджмент заманауи кітапхананы басқару тұжырымдамасы», «ЖОО
кітапханаларының қызметіне квалиметриялық мониторинг жасау әдістемесі
мен құралдары», «Қорды цифрландыру», «ЖОО кітапханаларының
қызметіне квалиметриялық мониторинг жасау әдістемесі», «RFID жүйесінің
көмегімен автоматтандырылған кітап беруді енгізу», «Кітапхана
қызметіндегі инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету», «Кітапхананың
маркетингтік ортасы» және т.б. тақырыптарда дәріс оқыды.
Курс тыңдаушылары меңгерген теориялық білімдерін тәжірибемен
ұштастыру үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
кітапханасының, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Елбасы
кітапханасы» орталығының, Қазақстан-Британ техникалық университетінің
ғылыми кітапханасының, ҚР ұлттық кітапханасы, С.Бегалин атындағы
мемлекеттік балалар кітапханасы және Жамбыл атындағы қалалық
жасөспірімдер кітапханасының жұмыстарымен танысып тәжірибе алмасты.