2020 жылдың 10 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім: жаңа басымдықтар»Қысқы мектебі аясында екі сессия өтті.

2020 жылдың 10 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінде «Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім:
жаңа басымдықтар»Қысқы мектебі аясында екі сессия өтті.
Бірінші сессияны университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры
Сатмырзаев Асан Адасбекұлы ашып, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
стратегиялық дамуы, ішкі аудит және халықаралық стандарттар негізінде
ішкі сапа жүйесін дамыту бойынша университеттің тұжырымдамалық
құжаттарымен таныстырды.
Сессияда университеттің оқытушылары, докторанттары мен
магистранттарына Абай атындағы ҚазҰПУ-нің педагогика және психология
кафедрасының меңгерушісі Ә.Н.Көшербаева «Білім беру сапасын басқару:
жаңа философияны іздеу. «ЖОО-мектеп» құрылымындағы сапаны басқару
моделі (AbaiUniversity жүйесінде, ЖОО стратегиясы, құрылымдық
бөлімшелердің фунциялары, олардың өзара байланысы)» тақырыбында
семинар жүргізді.
Тыңдаушылар білім сапасын басқару философиясымен, ЖОО
стратегиясымен, құрылымдық бөлімшелердің фунцияларымен, олардың
өзара байланысымен танысты. Семинарда педагогика және психология
институтының магистранттары сессияға қатысушыларға интерактивті
тренинг өткізді.
Тыңдаушылар ұсынылған материалдардың өзектілігін атап өтті.
Екінші сессия «Студент жастарды тәрбиелеуді жетілдірудің өзекті
мәселелері» тақырыбына арналды. Сессияны Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі проректоры Ж.Е.Ишпекбаев ашты.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің педагогика кафедрасының профессоры, п.ғ. к.
А.Е.Берікханова тәрбие жұмысы бойынша мәселелерге талдау жасады.
Институт директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,
оқытушылар, докторанттар, магистранттар, тәрбие жұмысы және жастар
саясаты департаментінің қызметкерлері мәселелерді талқылауға, оларды
шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік алды.

previous arrow
next arrow
Slider