Қашықтықтан білім беру бөлімі

Қашықтан білім беру ұйымының мамандары тьютор мен білім алушылардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді. Олардың функциялары:
– білім алушылардың оқуға түскеннен бітіргенге дейінгі құжаттамасын жүргізу (негізгі құжаттама пакеті, контингент қозғалысы, академиялық жетістіктерін тіркеу, оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша кеңес және т.б.);
– академиялық кезеңде тьюторлармен (курстың авторларымен) жұмыс істеу (педагогикалық жүктеме, келісімшарт жасасу және ұзарту, білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша кеңес, қашықтықтан оқытуды жүргізуін бақылау және т.б.);
- білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды бақылау нысандарын өткізу мен ұйымдастыру.

Қашықтықтан оқытудың контент-менеджері білім беру порталының ақпараттық қолдауымен айналысады.

Бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету бөлімі

Контент-архитекторы курстың авторымен бірлесіп қашықтықтан оқыту стандарттарына сәйкес курстың сценарийін жазады. Сценарий жазу кезінде оқу материалын жақсы меңгеруге ықпал ететін визуалды элементтер (анимациялау, кескіндеу, графика, модельдеу, бейне және т.б.) жасалады. Сценарийді құрастырғаннан кейін, мазмұнды құру мамандары тиісті анимациялық және графикалық бағдарламаларды қолданып, курстың визуалды элементтерін жақсартады және оны қашықтықтан оқыту жүйесіне орналастырады.

Бағдарламалық қамтамасыз ету инженері қашықтықтан оқыту жүйесі мен білім беру порталына бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.

Инженер – порталға техникалық қолдау көрсетеді, БАжҚОО жүйесінің техникалық инфрақұрылымының жұмысына жауап береді.

Маркетинг бөлімі

Ақпараттық және маркетингтік қызметтер саласының мамандары қашықтықтан оқытудың қазақстандық және халықаралық нарықта бакалавр, магистратура, докторантура және біліктілікті арттыру курстары бойынша білім беру бағдарламаларымен, сонымен қатар Google Adwords, Яндекс Директ маркетингтік құралдарын пайдалану, әлеуметтік медиада және беделді басқарумен айналысады.

Біліктілікті арттыру бөлімі

Бөлім мамандары Абай атындағы ҚазҰПУ-нің және облыстық педагогикалық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының кәсіби және педагогикалық шеберлігін көтеруге, біліктілікті арттыру курстарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге, Алматы қаласының мұғалімдері мен колледждеріне арналған мектеп білімінің жаңа мазмұны бойынша оқыту курстарын ұйымдастырады.

Бізбен қалай байланысуға болады?

Мекен жайымыз:

050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы,56Б

+7(727)392-22-22

e-mail: center_pkdo@mail.ru

Қабылдау комиссиясы:

050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы,13

+7(727)392-22-22

+7(727)291-73-71

+7(727)291-87-80

e-mail::  info@kaznpu.kz