2019 жылдың 14-15 қарашасында «Жаратылыстану- ғылыми білім беруде жаңартылған білім беру мазмұнының мақсатын жүзеге асырудың теориясы мен практикасы» атты Халықаралық ғылыми- практикалық конференция өтті.

2019 жылдың 14-15 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география
институтының Химия кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаратылыстану-
ғылыми білім беруде жаңартылған білім беру мазмұнының мақсатын жүзеге
асырудың теориясы мен практикасы» атты Халықаралық ғылыми-
практикалық конференция өтті.
Конференцияның ұйымдастырушыларының шақыруымен 15 қарашада
конференция қатысушыларына Біліктілікті жетілдіру және қашықтықтан
білім беру орталығының доценті, п.ғ.к., Оракова Амангул Шахарбековна –
«Қазақстан Республикасындағы білім мазмұнын жаңартудың өзіндік
ерекшеліктері» тақырыбында, аға оқытушысы Корнилова Татьяна Борисовна
– «Педагогический дизайн в обнавленном содержание образования»
тақырыбында Шеберлік кластарын өткізді.

previous arrow
next arrow
Slider