2021 жылдың 21 қараша – 03 желтоқсан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығы университеттің профессорлыө-оқытушылар құрамы үшін ««Заманауи мектепте электрондық тьюторлықты ұйымдастыру және коучинг, менторинг үдерістерін басқару» тақырыбында қашықтықтан оқыту режимінде 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Курсқа педагогика және психология, жаратылыстану жəне география институттарынан 54 оқытушы қатысты.
Тыңдаушылар білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен танысуға; педагогтың кәсіби өсуінде тьюторлық, коучинг, менторингтың концептуалдық және теориялық негіздерімен танысып, Жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша жоспарлау мен жүзеге асыру алгоритмін жетілдіруге мүмкіндік алды.
Дөңгелек үстелде жас мамандарды мақсатты бағыттауда және ғылыми жетекшілікті жүргізуде тәлімгерліктің тиімділігі, мектепте әдістемелік қолдау көрсетуде, студенттерді педагогикалық практикасын ұйымдастыруда тәлімгерлік пен коучингтің ерекшеліктерін, оқу процессін тьюторлық және коучинг арқылы ұйымдастырудың мүмкіндіктері де талқыланды.