Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде біліктілікті арттыру курстары өтті

2019 жылдың 17-21 маусымы аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жазғы мектеп аясында «Бітіруші курс студенттерінің педагогикалық практикасын ұйымдастыру және өткізу» және «XXI ғасырдың табысты мұғалімі: жаңа мүмкіндіктер, жаңа тәсілдер және тиімді әдістер» тақырыптары бойынша курстар өткізілді.

Курстың мақсаты –орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бітіруші курс студенттерінің педагогикалық практика жетекшілері мен оқытушылардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру болды.

Курсқа студентердің педагогикалық практика жетекшілері, бағдарлы мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің оқытушылары, оқытушылар, магистранттар қатысты.

Курс барысында бірінші «Бітіруші курс студенттерінің педагогикалық практикасын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-нің біліктілікті жетілдіру және қашықтықтан білім беру орталығының доценті, п.ғ.к. Амангүл Орақова мен аға оқытушы Татьяна Корнилова бітіруші курс студенттерінің мектептегі тәжірибе кезінде жаңартылған білім беру мазмұны аясында басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық құжаттарға талдау жасап, педагогикалық дизайн арқылы жоспарлаудағы ерекшеліктермен оқу процессін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін, саралау формалары мен критериалды бағалау жүйесін және мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмысы мен әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, курс тақырыбы Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогтарының да назарын аударды.

Айман Берікханова Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, п.ғ.к., Педагогикалық шеберлік Академиясының басшысы «XXI ғасырдың табысты мұғалімі: жаңа мүмкіндіктер, жаңа тәсілдер және тиімді әдістер» атты екінші тақырыпты игеруде заманауи педагогикалық технологиялар, мектепте және ЖОО-да оқытудың интерактивті әдістері, коллабаротивті оқу ортасын құру тәсілдері мен әдістері мәселелерін қарастырды.

Курс тыңдаушылары ұсынған материалдарға қызығушылық білдіріп, студенттерді, яғни болашақ педагогтардың педагогикалық практикасын ұйымдастыруға және өздерінің тәжірибесіне тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті.

previous arrow
next arrow
previous arrownext arrow
Slider