Мақсаты – педагогикалық кадрларды даярлауда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушыларының кәсіби өсуі мен педагогикалық дағдыларын жетілдіру, қашықтан білім беру технологияларын білім берудің дәстүрлі түрлерімен біріктіру арқылы мұғалімдерді оқытудың тиімділігі мен сапасын арттыру.
Біліктілікті арттыру саласының міндеттері:
1. Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушы құрамы үшін жаңа мазмұнға жауап беретін мұғалімдерді дайындауда кәсіби және педагогикалық шеберлігін жетілдірудің тиімді жүйесін әзірлеу;
2. Педагогикалық жоғарғы оқу орынының және орта білім беру мазмұнындағы өзгерістерді бейнелейтін біліктілікті арттырудың жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
3. Университеттің ПОҚ құрамын және республиканың басқа да педагогикалық университеттерінің мамандандырылған бағыттары мен мамандықтары бойынша біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
4. 2018-2020 жылдарға арналған цифрлық экономика үшін адами капиталды дамытуға арналған Жол картасы және «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік Бағдарламасы шеңберінде университеттердің іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесіне сәйкес 2020 жылға қарай университеттің оқытушыларын ақпараттық технологиялар саласында қадам бойынша 100% біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
5. Білім беруде заманауи әлемдік беталыстарды бейнелейтін білім беру саласының мамандарының біліктіліктерін арттырудың жаңа трендін құру;
6. Қазақстанда білім беру ұйымдарының менеджерлерін дайындаудың тиянақты жүйесін құру.
Қашықтан оқыту саласының міндеттері:
1. Білімнің барлық деңгейлерінде - бакалавриат, магистратура және докторантурада қашықтан білім беру технологияларын енгізу;
2. Аралас оқыту технологиясын енгізу арқылы білім берудің барлық деңгейлерінде оқу үдерісінің тиімділігін арттыру(blended learning);
3. Қашықтан оқытудың білім беру порталында университеттің алдыңғы қатарлы оқытушыларының авторлық курстарын әзірлеу, орналастыру және сүйемелдеу;
4. Қашықтан білім беру технологияларын қолданып Республиканың педагогикалық жоғары оқу орындарының және университетін ПОҚ-ның біліктілігін арттыру;
5. Бакалавриат, магистратура және докторантураның ЖББП циклі пәндері бойынша біріңғай онлайн курстардың бағдарламаларын әзірлеу және ашық білім берудің ұлттық тұғырнамасына орналастыру;
6. Бакалавриат, магистратура, докторантура және қашықтан оқыту құралдарын қолданатын біліктілікті арттыру курстары үшін білім беру бағдарламаларын ақпараттық-маркетингтік қолдау.
5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
5B011100 – Информатика
5B011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
5B011300 – Биология
5В020200 – Халықаралық қатынастар
5В030100 – Құқықтану
6М010300 – Педагогика және психология (Білім берудегі менеджмент)
6М010700 – Бейнелеу өнері және сызу
6M030200 – Халықаралық құқық