General
Білім берудегі цифрлық технологиялар
"Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығына арналған
Қазақстан Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді . «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасы бойынша білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуы білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Ақпараттандыру жүйесін білім саласында кеңінен қолдану бүгінгі күннің талабы.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламарының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық–коммуникациялық, цифрлық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану туралы міндет қойылған.