Ғылым - ерекше әрекет түрі ретінде

Ғылым - ерекше әрекет түрі ретінде

Ғылым ерекше әрекет түрі ретінде.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Таным ерекше әрекет түрі ретінде. Ғылым философиясы және әдіснамасы.

2. Т.Кун ғылымның  парадигмалық  дамуы жайында, «ғылыми қауымдастық» түсінігі.

3. Ғылыми таным деңгейлері, формалары, әдістері. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, оларды  классификациялау амалдары.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Ғылымның мұраты – бар тылсымның сырын айқындау, барлықтың ақиқатын ашу, соның негізінде сол барлықтан заңды түрде туындайтын немесе міндетті түрде шығатын, шыға алатын нәрселерді анықтау. Ғылымдар өмірде жоқ нәрселерді, өмірдің формаларын айнымас заңдылықтардың негізінде болжап, тіпті айқын бейнесін жасап бере алады. Бұл бірақ көбінесе табиғат пен қоғамның бар заңдылықтарына байланысты. Адам ғылыммен құрдан-құр айналыспайды. Адамның өмірі әртүрлі проблемалар және күрделі мәселелермен тығыз байланысты. Оларды меңгеру үшін адамға білім керек, ал осы білімді қалыптастыру ғылыми қызметтің мақсаты. Ғылым – қажеттіліктен туындайтын  адам әрекеті.

Ғылымды тани білудің ерекшкліктерін және оның әртүрлі салалардағы өзгешеліктерін анықтауды, ғылыми білімнің құрылымы мен динамикасын, ғылымның даму заңдылықтарын айқындауды мақсат етіп қойған. Осы ағым “ғылым философиясы” деген атқа ие болды. Ғылым философиясының негізін қалаушылар, оның ірі өкілдері: Л. Витгенштейн, Томас Кун, И. Лакатос, Э. Гуссерль, К.Поппер. Олар ұзақ жылдар бойы Батыстың ең жетекші университеттерінде сабақ берді. К.Поппер бойынша, философия мен ғылым тығыз байланысты. Олардың ортақ негіздері – «таза мағына» мен әлемді тануға деген талпыныс.«Ғылымда «білім» осы сөзді Платон мен Аристотель түсінетін мағынада жоқ, яғни қорытындыны сипаттайтын мағынада.

Қазіргі ғылымда ғылымның үш түрін бөліп қарастырады - табиғи, техникалық және әлеуметтік- гуманитарлық. Табиғи ғылымда

ойлаудың әр түріне негізделген  түсіндіру әдістері негізгі болса, ал әлеуметтік- гуманитарлық білімде интерпретация және түсіну әдістері негізгі болады.

XX ғасырда ғылым философиясын- дағы ерекше орынды американдық философ және ғылым тарихшысы Томас Сэмюель Кунның концепциясы алады (1929-1996). Өзінің «Ғылыми революциясының құрылымы» атты әйгілі кітабында Кун ғылымның табиғаты, оның жұмыс істеуінің ортақ заңдылықтары және өрістеуі туралы жеткілікті түрде ұсыныстарды айтты.

Кунда ғылыми революцияны талқылауда жаңашыл болып, ол «ғылыми кеңеске белгілі бір уақыт аралығында мәселелерді қою және шешу моделін беретін, барлық ғылыми жетістіктермен танылған» деп анықтайтын парадигма ұғымы табылады. Басқаша айтқанда, парадигма белгілі бір уақытта ғылыми зерттеулерді бағыттап отыратын және барлық ғылыми кеңеспен танылған ғылымдағы ортақ ойлар мен методологиялық құрулардың қосындысы болып келеді. Мұндай теориялардың мысалы болып Аристотельдің физикасы, Ньютонның механикасы мен оптикасы, Максвеллдің электродинамикасы, Эйнштейннің теориясы және т.б. теориялар табылады.

Ғылым әлеміндегі ғылыми кеңестің рөлі. Парадигма ұғымымен ғылыми кеңес ұғымы тығыз байланысты. «Парадигма - ғылыми кеңестің мүшелерін қосады, және керісінше, ғылыми кеңес парадигмаларды құрайды». Ғылыми кеңестің өкілдері белгілі бір ғылыми мамандыққа ие, тиісті білім және маманданған қылықтарды алған. Әрбір ғылыми кеңестің өзінің зерттейтін пәні бар. Кунның ойынша, зерттеуші – ғалымдардың көбісі өзін бірден белгілі бір парадигманы ұстанатын белгілі бір ғылыми кеңеске жатқызады. Егер сіз парадигмаға деген сенімді ұстанбайтын болсаңыз, сіз ғылыми кеңестен тыс қаласыз.

Кунның «Ғылыми революция құрылымы» кітабының жарық көргенінен кейін ғылыми кеңес ұғымы барлық ғылым саласына терең енді және ғылымның өзі білімнің жүйесі емес, ғылыми кеңестердің іс әрекеті ретінде қарастырыла бастады. Бірақ та ғылыми кеңестердің қызметінде Кун кейбір жеткіліксіздіктерді белгілейді, өйткені 39 «әртүрлі ғылыми кеңестердің көңілі әр түрлі зерттеу заттарында шоғырланғандықтан, кейбір ғылыми топтардың арасындағы маманданған қарым-қатынас кейде қиындап кетеді, оның нәтижесінде болашақта маңызды және ескерілмеген қарама-қайшылықтарға тап болдыратын түсінбеушіліктер пайда болады». Әртүрлі ғылыми кеңестердің өкілдері көбінесе «әртүрлі тілдерде» сөйлейді және бірбірін түсінбейді.

Қазіргі ғылымда ғылымның үш түрін бөліп қарастырады - табиғи, техникалық және әлеуметтік- гуманитарлық. Табиғи ғылымда ойлаудың әр түріне негізделген  түсіндіру әдістері негізгі болса, ал әлеуметтік- гуманитарлық білімде интерпретация және түсіну әдістері негізгі болады.

Ғылыми таным аса күрделі құрылымның үнемі даму үстіндегі біртұтас жүйесі, аталған жүйенің элементтері арасындағы өзара тұрақты байланысты білдіретін процесс.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды  бақылау бойынша сұрақтар

1. "Білімді адам" парадигмасының орнына келген "өмірге дайындалған, өмір сүруге бейімделген іскер адам" парадигмасының мәнін түсіндіріңіз.

2. Парадигма ұғымын енгізген американдық тарихшы Т. Кун ғылыми пәннің дамуындағы парадигмалық кезеңге,  парадигма үстемдігі кезеңіне, дағдарыс және ғылыми революция кезеңіне сипаттама беріңіз.

3. «Ғылыми парадигма – барлық ғылыми қауымдастықтар мойындаған, жаңа ғылыми зерттеулер үшін негіз бола алған ғылыми жетістіктер жиынтығы» деген анықтаманы негіздеңіз.