Дәріс 10. Карта жасаудың қазіргі заманғы технологиялары

Дәріс 10. Карта жасаудың қазіргі заманғы технологиялары

Дәрістің мазмұны

1.     Карталар мен атластарды құру бағдарламалары туралы түсінік

2.     Аэрофототүсіру материалдарын пайдаланып, топографиялық карталарды жаңарту

3.     Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ)

 

Карталар мен атластарды құру бағдарламалары туралы түсінік. Ұсақ масштабты карталар əртүрлі картаграфиялық, статистикалық басқада дерек көздерін пайдалана отырып, камералық өңдеу жағдайында құрылады. Оларға аэроғарыштық түсірулер, гидрометеорологиялық бекеттер торлары сияқты тікелей табиғаттан алынған бастапқы деректер, картаның тақырыбы бойынша бұрын орындалған геодезиялық түсіру, картографиялық, физикалық жəне экономикалық-географиялық тағы басқа жұмыстардың материалдары жатады. Карталар мен атластарды құруға бұрын құрылған топографиялық жəне ұақ масштабты жалпы географиялық жəне тақырыптық карталардан, əртүрлі статистикалық анықтамалардан, кітаптар мен кестелерден басқа да еңбектерден алынған көлемі ірі деректерді өңдеу кіреді.

Картаны құру оны жобалаудан, дайындау-саралау жұмыстарынан басталады. Олар картаның түпнұсқасын құруды жүзеге асыруды көздейтін барлық жұмыстарды ұйымдастыруды құмтамасыз ететін құжаттарды, ережелерді жасауды қамтиды.

Аэрофототүсіру материалдарын пайдаланып, топографиялық карталарды құру жəне жаңарту қағидалары.

Топографиялық карталар уақыт өте келе ескіреді, табиғи жəне анторпогендік факторлардың əсерінен жергілікті жерге сəйкес келуден қалады. Қазақстан Республикасының барлық аумағы əртүрлі масштабты топографиялық карталармен жабылған жағдайда оларды жаңарту басты міндеттің бірі болуда.

 Сурет

Сурет. Аэрофотосурет материалдарын пайдалана отырып ірі масштабты топографиялық карталарды жаңарту мен құрудың сызбасы

 

Жаңадан құрылатын карталарда жергілікті жерді аэрофототүсіруден бұрын біршама жоғары сыныпты мемлекеттік геодезия лық тор қосынынан бастап тірек нүктелерін жиілендіру жұмыс тары жүргізіледі.

Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ)

Геоақпараттық жүйелерінің базасындағы технологияны ірі масштабты жалпы географиялық, тақырыптық жəне мониторинг жүргізу мақсатындағы, сонымен қатар, басқару міндеттерін шешуді көздейтін арнайы карталар жасауға пайдаланған қолайлы. Мұндай карталар жүріп жатқан үрдістердің динамикасын бақылап, ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып отыруды талап етеді. Олар əртүрлі масштабта жəне проекцияда құрылған карталарды, аэроғарыштық түсірілімдер мен жергілікті жерде жүргізілген геодезиялық түсіру жұмыстарының нəтижелерін, сонымен қатар, алуан түрлі дерек көздерін қолданатындықтан жобалық түрлендіруді қажет етеді. Жоғарыда аталған карталар қолданбалы сипатымен, қарапайымдылығымен, күрделі дизайнерлік өңдеуді қажет етпейтін рəсімделуінің стандартты болуымен ерекшеленеді. ГАЖ белгілі бір аумаққа нысандардың кесте (электронды карталар, слайдалар, фототүсірулер, диаграммалар) мəтін-кесте түріндегі сипаттамалары бар кешенді ақпараттық база жасауға мүмкіндік береді. Нысандардың артибутивті деректер базасымен үйлестірілген ГАЖ карталар электронды түрде қолданылады жəне жедел карта ретінде қағазға бастырылып шығарылады.

Картографиялық көзқарас тұрғысынан алғанда ГАЖ-үлгілеу, басып шығару, картографиялық шығармаларды құру, бақы лау, əртүрлі шешімдер қабылдау қызметін атқаратын, кес теалық, тақырыптық деректер базасымен жұмыс істеуге арнал ған автоматтандырылған жүйе. ГАЖ деректерді тез іздеуге, аэро ға рыш тық фотосуреттерді өңдеп, түрлендіруге жəне оларды сан дық карталармен үйлестіруге, проекциясы мен масштабын өзгер туге, əртүрлі үлгілерді қолдана отырып кеңістіктік өзара байла ныс ты анықтауға, сонымен қатар, кең көлемді ақпараттарды син тез деуге мүмкіндік береді. Картографиядан айырмашылығы ГАЖ басымдық деректер мен алуан түрлі формада ұсынылған нəти же лерді (карталар, кестелер, кестетер, фотосуреттер) талдау ға арналған.

Геоақпараттық жүйелерге төменде көрсетілген жүйе тармақтары енеді: 1) деректерді жинау (əртүрлі дерек көздеріндегі деректерді алдын-ала талдау); 2) деректерді сақтау жəне іріктеу; 3) деректерді манипуляциялау жəне талдау; 4) қорытынды шығару.

Сəулеті (деректерді ұйымдастыруы) жағынан ГАЖ бірнеше түрге бөлінеді. Жабық түрлері қолданылуы қарапайым жəне арзан болуымен ерекшеленгенімен,пайдаланушымен сараланбайды.

Көптеген қосымшалар мен көбейткіштерден тұратын арнайылары белгілі бір ауқымды міндеттерді шешу мақсатында құрылады.

Соңғыларын орнату есебінен олардың бағасы қымбаттайды. Ашық түрі өте қымбат болғанымен, қосымша шығынсыз ұзақ пайдалануға болады. Сонымен қатар, ГАЖ кəсіби (мысалы, бірінші деңгейлі ESRI ArcInfo, InterGraf MGE жүйелері) жəне столүсті (мысалы, екінші деңгейлі MafInfo, GeoDraw/GeoGraf, WinGis жəне тағы басқа жүйелер). Жоғары сапалы ГАЖ қымбат тұрады. ГАЖ деректер базасын, электронды карталарды, навигациялық жəне іздеу жүйелерін құруға қолданылатын əмбебап жүйе болып табылады.

 

Пайдаланылатын əдебиеттер:

 

1.       Тоқпанов Е., Мазбаев О.Б. Картография және топография негіздері – А, 2012. – 464 б.

2.       Билич Ю. С., Васмут А. С. Проектирование и составление карт. – М.: Недра, 1984.

3.       Журкин И. Г., Шайтура С. В. Геоинформационные системы. – М.: КУДИЦ-ПРЕСС, 2009. – 272 с.

4.       Капралов Е. Г., Кошкарев А. В., Тикунов В. С и др. Геоинформатика. Учебник для ВУЗов. – М.: ИЦ Академия, 2005.