10 дәріс

10 - дәріс.

10 - дәріс.  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемнің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары.

 

1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемнің  дамуы. Әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары.

2. Әлемнің саяси дамуының ерекшеліктері.

1.     1945-1991  жж. халықаралық қатынастар.

 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемнің  дамуы. Әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары.

Үш әлемнің құрылуы.  Соғыстан кейін отаршылдық империялар ыдырады. 1960 жылы БҰҰ отаршылдықты жою туралы Декларация қабылдады. Дүниежүзілік қауымдастық бір-бірінен өзгеше әртүрлі үш дүниеге бөлінді. Біріншісі дамыған капиталистік елдерден құралды. Құрамына социалистік елдер кірген екінші дүние соғыстан кейінгі кезеңде орнады. Оған КСРО бастаған социалистік жүйедегі Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдері, Азияның Қытай, Солтүстік Корея, Солтүстік Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Куба елдері кірді. Үшінші дүниенің қалыптасуы да соғыстан кейінгі кезеңмен байланысты. Оған экономикасы артта қалған Азия, Африка, Латын Америкасы елдері жатты.

Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП). Соғыстан кейін күйреген экономиканы қалпына келтіру міндеті тұрды. Өндірістің жаңа салаларына ғылыми-техникалық прогресс еніп, ғылым өндірістік күшке айналды. Өндіргіш күштерді қайта құру ғылыми-техникалық революция (ҒТР) деп аталды. Оның басты бағыттары: электрондық есептеу-машиналарын кеңінен қолдану, энергияның жаңа түрлерін ашу, биотехнологияны пайдалану, конструкциялық материалдардың жаңа түрлерін жасау және қолдану. ҒТР-дің алғашқы толқыны 40-50 жылдардың соңында электрондық технологиялардың (1947 ж. АҚШ-та транзистор, 1957 ж. микросхемалар, компьютерлердің жаңа тобы), авиағарыш, радиотелевизия, техникалық робот және т.б. дами бастағанынан көрінді. Ғарыштық дәуірдің басталуы ҒТР-дің нышаны болды. 1957 жылы КСРО-да Жердің жасанды серігі, 1961 жылы адамның ғарышқа ұшуы үлкен жаңалық болды. 70-жылдары мини-процессорлар пайда болды. Ол «ақпараттық немесе телекоммуникациялық революция» деп, ал ҒТР-дің жетістіктерін ауыл шаруашылығында пайдалану «жасыл революция» деп аталды.

Ақпараттық қоғам.1974-1975 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан туған қиыншылықтар экономиканы құрылымдық жағынан қайта құрудың басталуына себепкер болды. Батыс елдерінде ақпарат пен білім қосымша құнның негізі болды. Ақпараттық технологиялар мен бұқаралық коммуникациялар басты рөл атқарды. Оның сипатына компьютерлік техника, роботтар, тұтыну үрдістерін жекелендіруге көшіру, «ақпараттық капитал» жасау, шағын өнеркәсіп орындарын ашу, технопарктер құру, еңбекті ұйымдастырудың сипаты, жалдамалы қызметкердің мәртебесі жатты.

Қоғамның әлеуметтік стратификациясы. ҒТП қоғамның әлеуметтік құрылымына түбегейлі өгерістер әкелді. Орта тап өкілдері құрылды. Сараланған әлеуметтік құрылым қалыптасты. Батыс қоғамында қазір өмір сүретін сегіз стратаны (қабатты) бөліп көрсетуге болады:

 ең жоғарғы топ (страта) – ірі корпорациялардың иелері, жоғары әкімшілік және әскери қызметкерлер, ғылым, медицина, мәдениет қайраткерлері;

-         жоғары топ – фирма менеджерлері, инженер-техник кадрлары, заңге-

рлер, университет оқытушылары, жоғары еңбекақы алатын дәрігерлер, биржалық брокерлер;

-         жоғары орташа тап – орта буынның басқарушылары, мұғалімдер,

дәрігерлер.

Үшінші дүние елдерінің экономикалық дамуы. Дамудың капиталистік нұсқасын таңдап алған үшінші дүние елдері 50-жылдарда экономиканы жаңғырту жолына түсті. Ол жекеменшік кәсіпкерлік пен нарықты дамыту, аграрлық реформалар мен индустрияландыру, дамыған елдердің қаражаты мен тәжірибесін пайдалану болды. 70-80 жылдары дамушы елдерде трансұлттық корпорациялар мен ұлттық монополиялардың өкілі бар монополистік капитализм пайда болды. Социалистік бағдарды таңдап алған дамушы елдерде мемлекеттік сектор үстем болды. Үшінші дүние елдері экономикасының дамуына олардың өткен отарлық тарихы кері әсерін тигізді. Біржақты мәдениет қалыптасты. Үшінші дүние елдері өздерінің экономика мен қаржы жағынан Батысқа тәуелділігін жою үшін маңызды шаралар қолдануға тырысты. БҰҰ осыған орай Хартия қабылдады. Экономика саласында белгілі табыстарға қол жеткізе бастады. "Жаңа индустриялы елдер" пайда болды.

Үшінші дүние елдерінің әлеуметтік дамуы. Әлеуметтік дамуы күрт жеделдетілді. Жаңа таптар, әлеуметтік топтар, монополистік буржуазия пайда болды. Құрамы біртекті емес жұмысшы табы қалыптасты. Орташа топтар үлкен рөл атқарды. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы артты. Білім, оқу-ағарту, халықты кәсіпкерлікке даярлау саласында ілгерілеушілік байқалды. Алайда жалпы үшінші дүние елдеріне әлеуметтік қатынастар саласында кертартпалық, сауаттылықтың төмен деңгейі, дәстүрлі моральдық, діни және басқа ұғымдар тән болды.

Жаһандану. ХХ ғасырдың соңы дүниежүзі бейнесінің жаңа кейіпке келуімен көзге түсті. "Жаһандану" деген атау алған үрдіс маңызды болды. Жаһанданудың мәні мемлекеттік күштерді емес, нарықтық күштерді белгілейтін әртүрлі экономикалар арасындағы кедергілердің азаю үдерісінде жатыр. Жаһандану дегеніміз – ұлттық экономиканың біртұтас, жалпы дүниелік жүйеге топтасуы. Осыған орай, экономикалық ықпалдастық үдерістері әлемдік сипатқа ие болды. Қазіргі уақытта 15-тен астам ықпалдастық бірлестік бар. Олар: Еуропалық Одақ (ЕО), Солтүстік Америка еркін сауда ассоциациясы (САЕСА), Азия-Тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығы (АТМЭЫ) және т.б.

Әлемнің саяси дамуының ерекшеліктері. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі батыс қоғамының саяси дамуы. Батыс Еуропа мен АҚШ-тың барлық жетекші саяси партиялары реформизм идеологиясы мен практикасын қолдады. Бірқатар елдерде ымырашылдық реформизм идеялары Конституцияға енгізілді. Батыс Еуропа реформалардың бастаушысы болды. Демократиялық социализмнің негізгі құндылықтары тұжырымдалды. 50-60 жылдары Батыс елдерінде аралас экономика қалыптасты. Қоғамды дамытудың лейбористік-реформистік тәсілі басым сипат алды. Ауқатты мемлекеттер қалыптасты. Мемлекеттің әл-ауқаттылық ұстанымы скандинавиялық немесе шведтік социализм үлгілерінде болды. 1974-1975 жылдары "Жаңа консервативтік толқынға" жол ашылды. Олардың бағдарламаларында экономикадағы мемлекеттің рөлін төмендету, меншікті мемлекет билігінен шығару, жекешелендіру, жеке бастамалар көтеру, бәсекелестік, экономикалық және әлеуметтік салалардағы нарықтық ұстанымдарды өрістету басты орын алды. Осы толқын өкілдеріне М. Тэтчер, Р. Рейган жатады.

Еуропада либералды-демократиялық режимдерді орнату және сол идеология дағдарысы. 70-ші жылдардың ортасынан бастап Грецияда, Испанияда және Португалияда үстем диктаторлық режимдерге қарсы революциялық қозғалыстарды өрістетумен әлемнің көптеген елдерінде либералды-демократиялық режимдерді орнату процесі басталды. Дүниежүзілік-тарихи маңызы бар серпіліс Шығыс Еуропа елдеріндегі антикоммунистік төңкерістің және КСРО ыдырауының нәтижесінде 80-ші жылдардың соңы мен 90 - шы жылдардың басында жасалды.

         90-шы жылдардың басында Шығыс Еуропа елдерінде билікке Батыс үлгісі бойынша шаруашылық және саяси өмірді қайта құруға бағыт алған либералды-демократиялық үкіметтер келді. Әлемдік тарихта алғаш рет социализмнен капитализмге көшу басталды. Басқарудың мемлекеттік құрылымдары, шаруашылық организм, халықтың өмір сүру салты қайта құрылды, либералды демократияның институттары мен құндылықтары бекітілді. КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіз посткеңестік мемлекеттердің көпшілігі шығысеуропалық елдері сияқты даму моделі ретінде нарықтық экономика мен саяси құрылыстың либералды-демократиялық нысанын сайлады. 80-90 жылдары дамыған капиталистік елдердің саяси өміріндегі сол партиялар мен қозғалыстардың ықпалының құлдырауымен сипатталды. Сол идеология дағдарысы және Шығыс Еуропа мемлекеттері мен посткеңестік кеңістіктегі социалистік жүйені жою жағдайында коммунистік қозғалыс нақты саяси күш ретінде дамыған елдердің қоғамдық-саяси аренасынан кетті.

Азаматтық қоғамды қалыптастыру.  Соңғы онжылдықтардың маңызды оқиғалары: ҒТР дамуы, қару-жарақ пен «қырғи-қабақ соғыс» жарыстарының аяқталуы, жетекші елдерде экономиканың және өмір сүру деңгейінің өсуі, кең өңірлік интеграция және т.б. азаматтық қоғамның нығаюымен сүйемелденді. Азаматтық қоғам - экономиканың, мемлекеттің және жеке өмірдің түйіскен жерінде орналасқан сала. Ол одақтарды, қауымдастықтарды, әлеуметтік қозғалыстарды және әлеуметтік шығармашылықпен байланысты қоғамдық белсенділігімен ерекшеленетін тең құқықты коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйымдарды қамтиды. Азаматтық қоғамның  қалыптасуы және дамуы орта сыныппен байланысты. Азаматтық қоғамның даму дәрежесіне демократияның қалыптасуы мен дамуы тікелей тәуелді болады.

Азаматтық қоғам тұтастай алғанда мемлекеттің одақтасты және көмекшісі болып табылады. Осылайша, соғысқа қарсы және пацифисттік қозғалыстың дамуы жетекші мемлекеттердің қару-жарақ жарағын шектеу және тоқтату жөніндегі шараларды қабылдауымен қатар жүрді. Жастар қозғалысының көтерілуі үкіметті жастардың проблемалары мен мүдделеріне үлкен назар аудартуға мәжбүр етті.

Азаматтық қоғам қызметімен 70-80 жылдары қоршаған ортаны қорғау үшін кең қозғалыстың пайда болуы байланысты. Оның жақтастары әртүрлі елдерде (оларды «жасылдар» деп атайды) табиғатты сақтауды, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қолдайды. «Жасылдар» қозғалысы қоршаған ортаға зиян келтіретін өнеркәсіптің жекелеген салалары үшін маңызды қоғамдық бақылаушы болды.

Соңғы жылдары әлемдік аренада әрекет ететін қуатты қоғамдық күшке Мексикада 1994 жылы пайда болған антиглобалистер қозғалысы айналды. 1999-2000 жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында «антиглобализм» термині пайда болды. Құрамы бойынша қозғалыстың өзі біркелкі емес, оған қандай да бір қоғамдық наразылықты білдіретін ұйымдар (экологиялық, құқық қорғау, соғысқа қарсы және т.б.) қосылады. Қозғалыстың барлық қатысушыларын жетекші индустриялық державалардың («Үлкен сегіздіктің), Әлемдік Банктің, Халықаралық валюта қорының және жаһандық экономикалық проблемалар бойынша шешім қабылдайтын басқа да құрылымдардың саясатымен келіспеуі біріктіреді.

Үшінші әлем елдерінің саяси дамуы. Үшінші әлем елдерінің саяси тәуелсіздігін жаулауы олардың дамуындағы маңызды тарихи кезең болды. Отарлық әкімшіліктің орнына жаңа механизм – ұлттық мемлекеттілік пайда болды. Үшінші әлем елдерінде мемлекеттік-саяси жүйелерді қалыптастыру және бекіту процесі күрделі болды. Оның барысында мемлекеттік ұлттық аппарат пен әскер құрылды, Саяси партиялар құрылды. Ұлтты біріктіру үшін көптеген көшбасшылар бір партиялы саяси жүйені таңдады.

Саяси-идеологиялық тұрғыдан үшінші әлемде екі ел тобы бөлініп шықты: капиталистік елдер және социалистік бағдарды таңдаған елдер.

Ұлттық-оппозициялық партиялардың әлсіздік жағдайында капита-листтік  жолмен дамуды таңдаған елдердің саяси өмірінде, өзіндік саяси күшке айналған армия, үлкен рөл ойнайтын болды. Әскери басшылық саяси дауларға араласып, биліктен заңды сайланған үкіметтерді шеттете бастады. Азия мен Африканың бірқатар елдерінде армия өкілдері билікте бола отырып, антиколониалды және антифеодалдық реформалар жүргізді. Алайда, билік басында әскери шендерінің ұзақ уақыт бойы болуы, демократияның даму процесін тежеп, халықтың ел үшін маңызды шешімдер қабылдауға қатысуын шектейтін, теріс салдарларға ие болды. Кейбір мемлекеттерде әскер диктаторлық режимдердің қолында демократиялық күштерді басудың құралына айналды.

Социалистік бағдарлану елдерінде бірінші қатарға 60-70 жылдары революциялық-демократиялық партиялар шықты, олардың бағдарламалары социалистік сипаттағы терең әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар туралы ережелерді қамтыған еді. Социализмнің түрлі ұлттық нұсқалары жасалды: үнділік, исламдық, африкалық. КСРО ыдырауымен және Шығыс Еуропа елдеріндегі социалистік жүйенің сынуымен көптеген социалистік бағдарлану елдері капиталистік даму жолына көше бастады.

80-90 жылдары Азия мен Латын Америкасының бірқатар елдерінде авторитарлық режимдердің орнына демократиялық режимдер келді. Сонымен қатар, үшінші әлемде бұрынғысынша авторитарлық режимі бар елдер тобы сақталуда.

Жаңа геосаяси жағдай. КСРО ыдырауымен халықаралық қатынас-тардың биполярлы жүйесінің қирауы болды. Полицентризм негізінде геосаяси күштердің жаңа конфигурациясын қалыптастыру басталды. 90-шы жылдары әлемнің саяси картасы өзгерді. Еуропада көпполярлы әлемдегі күш орталықтарының бірі рөлін орындай алатын әлеуеті жеткілікті біріккен Германия – аймақтық супердержава пайда болды.  Бұрынғы КСРО орнында 15 жаңа мемлекет пайда болды. Чехия мен Словакия дербес мемлекеттеріне бөлінді, Югославия ыдырады.

КСРО-ның өзін-өзі таратуы нәтижесі болған - этноәлеуметтік сепаратизмнің өршуі.  Посткеңестік аумақта ол Қара және Каспий теңіздерінен - Еділ мен Тянь-Шаньға дейінгі аймақтарды қамтыды. Бұрынғы КСРО аумағындағы этностық қақтығыстар біртіндеп ұзаққа созылған соғысқа айналды (Таулы Қарабахта, Абхазияда, Тәжікстанда, Шешенстанда). Югославияның ыдырауы да этносаралық және дінаралық қақтығыстардың туындауына алып келді.

КСРО мен Шығыс Еуропадағы социалистік елдер блогының ыдырауы Шығыстағы геосаяси жағдайды өзгертті және мұнда саяси және идеологиялық құрылымдардың эволюциясы үшін жаңа жағдайлар жасады. Азиядағы панасыз қалған,  социалистік режимдер,  өзге  жағдайларға бейімделуге мәжбүр болды. Олардың ішінде ортодоксалды позицияларда тек Солтүстік Корея ғана қалды, ал ҚХР, Вьетнам, Лаос және Камбоджа нарықтық өзгерістер жолына түсті. Социалистік бағдардағы көптеген елдер оны капиталистік жағдайға ауыстырды және дамыған капитализм елдерімен жақындаса бастады. Шығыс тумаларының дамыған батыс елдеріне көшіп-қонуының рөлі артты. Нәтижесінде 90-шы жылдар Батыстың Шығысқа ықпалының күшеюі және Шығыста да, Батыста да ұлтаралық қайшылықтардың күшеюі кезеңі болды.

Жаңа геосаяси жағдайдың негізгі болмысының бірі - КСРО ыдырағаннан кейін әлемде бір-ақ супердержава  – АҚШ-ның қалуы болды.Алайда басқа жетекші елдер «кіші ағайындар» рөлін ойнауды көздемейді. Бұл, атап айтқанда, Ресей мен Қытай басшыларының 1997 жылдың сәуірінде әлемде қандай да бір абсолютті көшбасшының, яғни супердержаваның болуына жол бермеу туралы мәлімдемесінде көрініс тапты. Бұл мәлімдемеде көпполярлы әлемнің пайда болуы туралы айтылды, оның полюстері арасындағы дұшпандықтың пайда болуының қаупі туралы да айтылды.

Қазіргі заманның жаһандық мәселелері. ХХ ғасырдың екінші жартысында адамзат әлеуметтік прогреске және әлемдік өркениеттің тағдырына байланысты мәселелерді шешуге тап болды. Бұл мәселелер жаһандық (жалпы әлемдік) деп аталды.

Қандай да бір проблеманы жаһандық санатқа жатқызудың негізгі өлшемдері - бүкіл адамзаттың осы проблемадан туындаған қолайсыз факторлардың әсерінен тәуелділігінің жоғары дәрежесі, сондай-ақ оны шешу үшін халықтар мен үкіметтердің ұжымдық күш-жігерінің қажеттілігі болып саналады. Жаһандық проблемалар - бұл бүкіл адамзаттың өмірлік мүдделерін қозғайтын және әлемдік қоғамдастық ауқымындағы келісілген іс-әрекеттерді өз шешуі үшін талап ететін проблемалар. Жаһандық проблемаларға:  жаңа әлемдік соғыстың алдын алу және бейбітшілікті сақтау, экономикалық дағдарыс пен оның салдарын еңсеру, планетадағы демографиялық ахуалды тұрақтандыру, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, халықаралық терроризм жатады. Жаһандық қатарына азық-түлік, шикізат және энергетикалық проблемалар да кіреді.

Жаһандық проблемалардың пайда болуы - адамдардың пайда болған дүниежүзілік қауымдастығынан, терең экономикалық байланыстарды, күшейген саяси және мәдени байланыстарды, бұқаралық коммуникацияның жаңа құралдарын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы әлемнің тұтастығынан туындады. Адамзат ғылыми-техникалық прогрестің салдарынан пайда болған өз өмір сүру қаупімен бетпе-бет келді. Өмірге қуатты өндірістік күш шақырып, ол әрқашан оны өз бақылауына ала алмайды. Жаһандық техногендік апаттардың ықтималдығы артады. Жаппай жоюды қолдану қаупі артады. Ядролық қаруы бар елдер оны өз бақылауымен ұстап тұра алмайды деген қауіп күшейе түсуде.

1945-1991  жж. халықаралық қатынастар. Екінші дүние жүзілік соғыстың саяси нәтижелері. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы (БҰҰ). Екінші дүниежүзілік соғыс бүкіл адамзат үшін орасан зор күйзеліс болды. Жалпы қайтарымсыз шығындар 55 млн. адамды құрады.

Соғыстың саяси салдары Еуропа мен Азиядағы фашистік режимдерді талқандауда және мемлекеттердің қоғамдық-саяси өзгерістері мен демократиялық дамуы үшін жағдай жасауда болды. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің Кеңес Одағының босатуы құрлықтағы саяси күштердің арақатынасының өзгеруіне алып келді.  Бұл тәуелсіздігін қайтадан жаңғыртқан шығысеуропалық мемлекеттер де сол күштер мен КСРО-ның ықпалының күшейуі байқалды. Антигитлерлік коалиция түрлі әлеуметтік-саяси құрылымы бар мемлекеттер арасындағы қатынастарды дамыту үшін нақты мүмкіндік бар екенін дәлелдеді.

Екінші дүниежүзілік соғыс әскери-техникалық ойдың қарқынды дамуына, қару-жарақ түрлерін жетілдіруге және ядролық қарудың пайда болуына алып келді. Бұл АҚШ тарапынан ядролық диктаттың талпынысын және КСРО-ның ядролық қару-жарақ саласындағы Құрама Штаттармен тепе-теңдікке ұмтылысын тудырды. Екінші дүниежүзілік соғыстың маңызды қорытындысы- КСРО-ның халықаралық беделінің өсуі және оны АҚШ-тан кейінгі екінші супердержаваға айналуы болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың басты саяси қорытындыларының бірі - 1945 жылы 25 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылуы болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары БҰҰ бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік үшін күрестің маңызды мінберіне айналды. БҰҰ Жарғысының бірінші бабында оның мақсаттары: бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, жалпыға ортақ бейбітшілікті нығайту үшін ұлттар арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамастан адам құқықтары мен негізгі бостандықтарға деген құрмет қалыптастыру болады деп жарияланды.

БҰҰ бас органдарына БҰҰ Бас Ассамблеясы, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Қорғаншылық жөніндегі кеңес, Халықаралық сот және Хатшылық жатады.

БҰҰ шеңберінде атом энергиясын бақылау жөніндегі Комиссия құрылды. 1946 жылы Бас Ассамблея қару-жарақ пен қарулы күштерді қысқарту жөніндегі қарарды бірауыздан мақұлдады, ал 1947 жылы соғысты насихаттауды айыптаған қарар қабылданды.

Ынтымақтастықтан қарсы тұруға. Әлемнің биполярлық жүйесінің қалыптасуы. КСРО мен АҚШ- тың қарсы тұруының басы Герман мәселесін реттеу болды. Батыс Кеңес Одағы ұнатпайтын герман реттеуінің өз пайымын қорғап қалды. Герман мәселесі таза еуропалық шеңберден шығып, еуропалық елдердің мемлекетаралық қарым-қатынасының негізгі мәселесі болды. 1946 ж. ақпанында И. В. Сталин Батыстың «екі әлемнің» Кремльдік доктринасы деп аталатын сөзін сөйледі. Кеңестің қосбасшысы былай деді: «Өткен соғыстың себептері капиталистік-империалистік монополиялардың мүддесін қорғауда жатыр. Бұл күштер капиталистік елдерде әлі де билікті басқаруды жалғастыруда, сондықтан олармен бейбіт қарым-қатынас мүмкін емес. Осыған байланысты Кеңес Одағы оқиғалардың кез келген дамуына дайын болуы тиіс».

Айта кететін жағдай, Сталиннің сөзі бағдарламалық үстанымдарды қамтымады. Ал 1946 жылы 5 наурызда АҚШ президенті Г. Трумэннің қатысуымен американдық Фултон қаласында сөйлеген У.Черчилльдің сөзінде бағдарламалық үстанымдар бар еді. Черчилльдің фултондық пайымдауларының мәні мынада еді: Батыстың тоталитаризмнің неміс түрімен күресуі басқа - кеңестік тоталитаризмге   әрекет еркіндігін беру үшін жасалған жоқ.. Ағылшын экс-премьері бұрынғы одақтастар арасында «темір шымылдығын» салу туралы айтты. У.Черчилльдің сөзі әлемде Батыстың Шығыспен қақтығысуға шақыру ретінде қабылданды. КСРО-да Черчилльдің фултондық сөзі жаңа әлемдік соғысты ашуға тікелей шақыру ретінде бағаланды. Осылайша «қырғи-қабақ соғысы» деп аталатын Батыс пен Шығыстың қарсы тұруы басталды. Хронологиялық «қырғи-қабақ соғысы» 1946 жылдан 1991 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.

Батыс елдері саясатының ажырамас бөлігі Трумэн доктринасын және Маршалл жоспарын қабылдау болды. Ол бұл елдерде коммунистердің билікке келуіне жол бермеу үшін, батыстық бағдарда болған Греция мен Түркияға,  400 млн. доллар көлемінде  инвестицияларды беруді көздеді. Мұндай шешімді Вашингтонда, Британия қаржы қиындықтарына байланысты Греция мен Түркияға көмек көрсете алмайтыны туралы ағылшын әкімшілігінің хабарлауынан кейін қабылдады. АҚШ-та Англия Шығыс Жерорта теңізінен кетсе, онда құрылған саяси вакуумды  Кеңес Одағы толтырады деген үрей туды. Вашингтонда Грекиядағы саяси жағдай алаңдаушылық тудырды, онда ағылшын билігінің күштік әдістеріне қарамастан, коммунистер халықтың үлкен қолдауына ие болды. Вашингтонның болжамы бойынша, Грециядағы сол күштің жеңісі Францияға және Италияға әсер етуі мүмкін. Осындай оқиғаларды болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдау шешілді. Конгресстен қаржылай көмек сұрай отырып, Трумэн мұны «әлемдік коммунизмді» қақпайлау қажеттігімен негіздеді. Бұл доктрина іс жүзінде коммунизмге қарсы «крест жорығын»  жариялау еді.

«Қырғи-қабақ соғысының» басқа құрамдас бөлігі Маршаллдың жоспары болды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джордж Маршалл 1947 жылдың 5 маусымында  соғыстан зардап шеккен елдерге көмек көрсету жоспары туралы  сөз сөйледі. Кеңес Одағы экономикалық көмекке жалпы принципиалдық түрде қарсы еместігін, бірақта ол инвестиция алған мемлекеттердің ішкі істеріне араласу үшін пайдаланылатын болады деп қауіптенді және Маршалл жоспарын қабылдаудан бас тартты. Оған бұл істе Шығыс Еуропа елдері қосылды. Маршалл жоспары 16 Батыс Еуропа елдерін қамтыды. 1948 жылы оған Батыс Германия қосылды. Маршалл жоспары 1948 жылдан 1951 жылға дейін жұмыс істеді. Оның көмегімен батыс елдері Екінші дүниежүзілік соғыстың дағдарыстық салдарын едәуір жеңілдетеді. Бірақ, екінші жағынан, олардың барлығы АҚШ-тың ықпал ету саласына тартылды.

 «Қырғи-қабақ соғысының» практикалық көрінісі болған - 1948-1949 жылдардағы Берлин дағдарысы. 1947 ж. қазан айынан бастап АҚШ-та жаңа неміс маркалары басылып шыға бастады. Батыс аймақтарындағы сепараттық ақша реформасы және оның 1948 жылдың 23 маусымынан Берлиннің Батыс секторларына таралуы Германиядағы жағдайды күрт шиеленістірді. Құнсызданған валютаның үлкен ақша массасы оккупацияның кеңес аймағына кіріп, инфляцияға және экономикаға іріткі салуға әкеп соқтыруы мүмкін болды. Шығыс Германияның кеңестік әскери әкімшілігі қорғау шарасы ретінде кеңестік аймаққа ескі және жаңа батысгермандық маркаларды әкелуге тыйым салды. Германияның шығысында өз маркасы шұғыл енгізілді. 23 маусымнан 24 маусымға қараған түні кеңес әскерлері Батыс Берлиннің қоршауын бастады. Батыс Берлинді электр және азық-түлікпен жабдықтау тоқтатылды. Батыс елдері жауап ретінде Батыс Берлиннің тұрғындарын қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін әуе көпірін ретке келтірді. Жеңімпаз-державалардың арасындағы басталған қарсы тұрудың нәтижесі- 1949 жылы Германияның Федеративті Республикасының (ГФР) және Герман Демократиялық Республикасының (ГДР) Германияның аумағында екі егеменді мемлекет құру болды. Бұл акция Еуропаның жіктелуіне ғана емес, бүкіл әлемнің жіктелуіне де әкелді.

Халық демократиясы елдерінің пайда болуы және Шығыс Еуропада Кеңес Одағының ықпалының кеңеюі халықаралық өзара қарым-қатынастардың белгілі бір жүйесін қалыптастыру қажеттігіне алып келді. Бұл жолдағы алғашқы қадам 1949 жылдың қаңтарында Экономикалық өзара көмек кеңесін (ЭӨК) құру болды. Оның құрылтайшылары КСРО, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, Чехословакия болды. Бұл ұйымның мақсаты - оған енген елдер арасындағы жоспарлы, тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастықты және халықаралық еңбек бөлінісін дамыту болып табылады.

Әскери-саяси блоктарды құру. АҚШ-тың басшылығымен Батыс елдері «күш ұстанымынан» саясат жүргізу жолына тұрып, КСРО-ға ашық конфронтация бағытын таңдайды. 1948 жылы АҚШ-тың, Канаданың және батысеуропалық елдердің қатысуымен әскери одақ құру туралыА ҚШ  ұсыныс жасады. 1949 жылғы 4 сәуірде 12 мемлекет Солтүстікатлант блогын құру туралы шартқа (НАТО-ны )қол қойды. НАТО елдерінің жалпы әскери күштері құрылды, Америка әскерлері үшін Еуропадағы базалар ұсынылды.

1955 жылы НАТО-ға ГФР-сы кіргеннен кейін Социалистік Достастық елдері НАТО-ның әскери қатерін оқшаулау және өз қорғанысын нығайту үшін өз ұйымын құруды шешті. Варшавада КСРО, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, Чехословакия, ГДР және Албания сияқты 8 елдің достығы, ынтымақтастығы және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Социалистік елдердің құрылған әскери-саяси одағы - Варшава келісімі ұйымы (ВКҰ) атауын алды. Варшава альянсы халықаралық аренада саяси тепе-теңдікті орнатуда маңызды рөл атқарды.

Сол уақытта АҚШ пен олардың батыс одақтастары блок жүйесін Афро-Азия аймағына таратуға ұмтылды. 1951 жылы Австралия, Жаңа Зеландия және АҚШ Тынық мұхит аймағы үшін АНЗЮС атты әскери-саяси блок құру туралы шартқа қол қойды. 1954 жылы қыркүйек айында Құрама Штаттар Филиппинаның Манила қаласында Англия, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Филиппин, Тайланд және Пәкістан өкілдерінің кеңесін құрды. Осы кездесудің нәтижесінде Оңтүстік-Шығыс Азия қорғанысы туралы келісімге (СЕАТО) қол қойылды. Әлемдік жұртшылық оның құрылуын АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азияда бақылау орнатуға ұмтылысы ретінде бағалады. Батыс елдері блок стратегиясын Таяу және Орта Шығыста қолдана бастады.

1952 ж.Мысырдағы төңкеріске және оның көршілес елдерге ықпалының  таралуына байланысты, осы аймақта өзін көшбасшы деп санаған Англия, 1955 ж. Бағдад пактісіне қол қоюдың бастамашысы болды. Оған Англия, Түркия, Иран, Ирак және Пәкістан АҚШ кірді.

Блоктар жүйесін құра отырып, АҚШ әлемдік гегемонияны орнатуға ұмтылды. Дәл осы уақытта американдық әлемдік тәртіпті орнату идеясы пайда болады. Алайда, өз ұмтылыстарына қарамастан. АҚШ жеке көшбасшы бола алмады. Бұған қарама-қарсы басқа аса державаның – Кеңес Одағының болуы болды. Осылайша әлем биполярлы кескіндерді алды.

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Афро-Азиялық аймақ. Екінші дүниежүзілік соғыс Азия мен Африка елдерінде белгілі өзгерістерге алып келді. Олардың аумағында тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Жапон оккупациясынан босатылып, Корея тәуелсіздігіне қол жеткізді. Алайда корей жерінде екі мемлекет пайда болды: оңтүстікте – Корея Республикасы (КР), ал солтүстікте – Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР). 1950 жылы ҚР мен КХДР арасында әскери қақтығыс пайда болды. АҚШ Оңтүстік Кореяға, ал КСРО – Солтүстік Кореяға әскери көмек көрсете бастады. Қытай Халық Республикасы (ҚХР) өз еріктілерін КХДР-ға жіберу туралы мәлімдеді. 27 шілдеде екі әлеуметтік жүйе арасындағы қарулы қақтығысты аяқтаған бейбітшілк туралы келісімге қол қойылды. Корея екі мемлекетке бөлінді.

Бір жылдан кейін Азиядағы тағы бір соғыс ошағы жойылды. 8 жыл бойы француз билігі Үндіқытайда өз үстемдігін күшпен ұстап тұруға тырысты. Әскери жеңіліске ұшырап, Франция 1954 жылы Женева келісімі мен саяси реттеу принциптері туралы қол қоюға мәжбүр болды. Женевалық кеңеске қатысушылар Вьетнамның, Лаос пен Камбоджаның тәуелсіздігін, бірлігін және аумақтық тұтастығын құрметтеуге және олардың ішкі істеріне араласпауға міндеттенді.

1952 ж. Мысырда ұлттық-демократиялық революция жеңіске жетті. Билікке Г.А.Насердің үкіметі келді. 1956 жылдың шілдесінде ол Суэцк каналының ағылшын-француз компаниясын Мысыр мемлекетінің меншігіне берді. Батыс елдері Мысыр үкіметінің әрекетін заңсыз деп жариялады және экономикалық санкцияларға жүгінді. Англия мен Франция Израильмен келісімге келді. 1956 жылдың 30 қазанына қараған түні Израиль әскері Египетке шабуыл жасады. Бір күн өткен соң ағылшын-француз десанттары Суэц каналының аймағында қонды.  Бұған  жауап ретінде 31 қазан 1956 ж. КСРО агрессияны айыптаған және дереу әскери іс-қимылдарды тоқтатуды және интервенттердің әскерлерін шығаруды талап еткен мәлімдемемен шықты. Кеңес өкілдері БҰҰ-ға осы талаптарды қолдауға шақырды. БҰҰ Бас Ассамблеясы тиісті резолюция қабылдады.   Осыдан кейін интервенттер әскері Мысыр аумағынан кетті. Бұл оқиғалар Суэц дағдарысы деп аталатын тарихқа енді.1952 ж. Мысырда ұлттық-демократиялық революция жеңіске жетті. Билікке Г. А. Насердің үкіметі келді. 1956 жылдың шілдесінде ол Суэцк каналының ағылшын-француз компаниясын ұлтшылдыққа алды. Батыс елдері Мысыр Үкіметінің әрекетін заңсыз деп жариялады және экономикалық санкцияларға жүгінді. Англия мен Франция Израильмен келісімге келді. 1956 жылдың 30 қазанына қараған түні Израиль әскері Египетке шабуыл жасады. Бір күн өткен соң ағылшын-француз десанттары Суэц каналының аймағында қонды.  Бұл жауап 31 қазан 1956 ж. КСРО агрессияны айыптаған және дереу әскери іс-қимылдарды тоқтатуды және интервенттердің әскерлерін шығаруды талап еткен мәлімдемемен шықты. Кеңес өкілдері БҰҰ-ға осы талаптарды қолдауға шақырды. БҰҰ Бас Ассамблеясы тиісті резолюция қабылдады.   Осыдан кейін интервенттер әскері Мысыр аумағынан кетті. Бұл оқиғалар тарихқа Суэцк дағдарысы деген атақпен тарихқа енді.

Тәуелсіз афро-азия мемлекеттері өздерін халықаралық аренада батыл мәлімдей бастады. 1955 жылы Бандунгта (Индонезияда) Азия мен Африканың 29 елінің конференциясы шақырылды. Ол мемлекеттердің түрлі қоғамдық құрылыспен бейбіт қатар өмір сүруі мен ынтымақтастығы қағидаттарын мақұлдады. Конференцияда Үндістан, Индонезия және ҚХР басты рөл атқарды. Конференция бейбіт қатар өмір сүрудің 10 принципін жариялады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы адам құқықтарын құрметтеу, нәсілдік теңдік, басқа елдердің ішкі істеріне араласудан бас тарту, барлық халықаралық дауларды бейбіт жолмен реттеу, БҰҰ мақсаттары мен принциптерін сақтау. Конференция әскери блоктарды айыптап, ядролық қаруға тыйым салуды талап етті. Дербес тәуелсіз курсты жүргізе отырып, үшінші әлемнің 100-ден астам елі әскери-саяси блоктарға қосылмау саясатын жариялады. 1961 ж. Белградтағы конференцияда өз бетінше ағым ретінде біріктірілмеу қозғалысы ресми түрде рәсімделді.

50-60 жж.-ғы халықаралық қатынастар.«Қырғи қабақ соғысының» 50 жж. ортасындағы ерекшеліктері. Соғыстан бейбітшілікке өту қарама-қайшылықтарға толы болды. Жеңімпаз мемлекеттер, ең алдымен КСРО мен АҚШ, бейбіт реттеу мәселелерін соғыс кезінде жасасқан келісімдерге сәйкес жүргізулері тиіс еді. Бірақ нақты халықаралық жағдайларда соғыстан кейінгі мәселелерді шешуде олардың көзқарастарының әр түрлігі мен өздерінің ұлттық мүдделерін қорғауға бүйрек бұратындықтары көрініс беріп отырды. Бұл мүдделер түбірімен бір-біріне қарама-қарсы болатын себебі КСРО мен АҚШ әртүрлі идеологиялық принциптер мен позицияларды ұстанды. Ұлттық қауіпсіздікті олар өз жүйелерінің әлемдік деңгейде салтанат құруы деп түсінді.

Бір жағынан, дүниежүзілік революция және капитализмнің орнына социализмнің орнауы, екінші жағынан, капиталистік қоғамның нығаюы және либералдық демократиялық таралуы және қоғамның болашағы туралы осы екі қарама-қарсы тұжырым КСРО мен АҚШ арасындағы қарама-қарсылықтың ғаламдық сипатын анықтады. Тіпті аймақтық қақтығыстар да осы екі ұлы мемлекеттердің қатысуынсыз өтіп көрген емес.

Осыдан келіп американ сыртқы саясатының тұжырымдары «коммунизмді артқа лақтырып тастау», «бастырмалата кек алу», «отпен ойнау», «шұғыл жауап беру», «шектелген ядролық соғыс» деп аталады. Бұл терминдер АҚШ-тың әр кездегі стратегиялық тұжырымдарын бейнеледі, бірақ олардың жалпы мәні бір болды-ол әлемдік капиталистік жүйені сақтау, қосөрісті дүниедегі жанжалдарды әскери-күш қолдану және қорқыту саясаты арқылы шешу болды.

КСРО өзінің стратегиялық мақсаттарын мұндай ашық түрде жарияламағанымен, өзінің ықпал жүргізетін аймағын қорғап, әлемді бөлу және халықаралық қатынастарда «бейбітшілік, демократия және социализм күштері» мен «реакция, империализм және соғыс күштері» деп шектеу бағытын ұстады. Корея соғысы (1951-1953) дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы тұңғыш қауіпті халықаралық дағдарыс болды.

Сайып келгенде, «қырғи қабақ соғыстың» басты белгісі-ол әлемдік саясаттағы теке тірес болды, одан басқа белгілері: екі ұлы мемлекеттің айналасындағы әскери-соғыс одақтарының құрылуы (НАТО және ВШҰ); жанталаса қарулану, оның ішінде ракеталық-ядролық қарулану саласында; әскери-күш тұрғыдан ойлау; бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен жаудың бейнесін жасау.

Қақтығыстар мен сыртқы саясаттағы авантюризм. 50-60 жж. кеңес-американ қатынастарыңда дұшпандық пен дау-жанжалдар басым болды. Екі елдің арасындағы қатынастардың негізінен халықаралық қатынастардың бағытын анықтайтындығын ескерсек, бұл аса қауіпті жағдай еді. Тек бірнеше аса қауіпті халықаралық дағдарыстарды бастарынан кешіргеннен кейін ғана екі жақ халықаралық шиеленісті бәсеңдетудің қажеттігін түсінуге болады.

Таяу Шығыс дағдарысы. Егер Еуропадағы әскери-соғыс одақтарының құрылуына байланысты белгілі тепе-теңдік орнаса, Таяу Шығыс аймағы 50-ші жж. тұрақсыздық пен аса қатты қарама-қарсылықтар аланыңа айналып, өз құшағына Еуропаның жетекші капиталистік елдерін, КСРО мен АҚШ-ты тартты. Қарама-қарсылықтар түйіні бұл жерде Екінші дүниежүзілік соғыс бітісімен-ақ түйілген болатын. Сол кезде Сирия, Ливан, Трансиордания тәуелсіздік алды да, Ұлыбритания арабтар мен еврейлер мекендейтін Палестинаны басқару жөніндегі мандатын сақтап қалды. БҰҰ-ның шешімі бойынша 1947 ж. қарашада Палестинаның орнына екі – араб және еврей мемлекеттері құрылуға, ал Иерусалимге жұрттың барлығына ашық еркін қала мәртебесі берілуге тиіс болатын. 1948 ж. еврей мемлекеті құрылды да, араб мемлекеті құрылмай қалды. Арабтар еврей мемлекетін танудан бас тартты. Таяу Шығыстағы қақтығыстарға біраз еуропалық елдер, АҚШ пен КСРО араласты. КСРО арабтарға болысты. АҚШ 1948-1949 жж. бірінші араб-израиль соғысында соңғысына қолдау көрсетті. Соғыс араб елдерінің жеңілісімен аяқталды. Израиль араб мемлекетін құру үшін бөлінген аймақтан тыс орналасқан араб жерлерін (Газа секторын) басып алды. Халықаралық шиеленістің Таяу Шығыстағы ошағы осылай пайда болып, бұл жанжал осы уақытқа дейін шешімін таппай келеді.

Египетке қарсы үштік басқыншылық. Қиыр Шығысты дау аймағына айналдыру мұнымен шектеліп қойған жоқ. Аймақтағы революциялық қозғалыстардың тереңдеуі француздар мен британдықтардың осы жерлердегі мүддесіне қауіп төндірді.

1952 ж. Египетте революция болып өтті, монархия құлатылып, шетел компанияларының қызметіне шектеулер қойылды.1956 ж. Насер үкіметі ағылшын-француз капиталы басымдық құрған Суэц каналы компаниясын мемлекет қарамағына алды. Насерді каналды мемлекет қарамағына алу ниетінен қайтуға мәжбүр ету мақсатымен Египетке қарсы ағылшын-француз-израиль басқыншылығы басталды. КСРО, АҚШ, БҰҰ басқыншылықты айыптады. Оның үстіне КСРО егер басқыншылық тоқталмаса, Египетке көмек көрсетілетіндігін және еріктілер жіберуге дайын екендігін мәлімдеді. Үш жақты басқыншылықтың сәтсіздікпен аяқталуы Англия мен Францияның бұл аймақтағы позицияларын нашарлатты. Керісінше, КСРО беделі артты. Бұрынғы отаршыл мемлекеттердің мүдделеріне 1958 ж. Ирактағы монархияны құлатқан революция жаңа соққы берді. Бұл жағдайларда Эйзенхауэр доктринасы жарық көрді. Оның мазмұны Ұлыбритания мен Францияның Таяу Шығыста жеңіліс табуларына байланысты бос қалған кеңістікті АҚШ толтыруға тиісті деген тұжырым болды. Ирак пен Сирия тарапынан шабуылдан қорғау қажет деген сылтаумен Ливан мен Иорданияға американ және ағылшын әскерлері еңгізілді.

Жоғары дәрежедегі кеңес-американ кездесулердің сәтсіздігі. 50-жж. екінші жартысында КОКП ХХ съезінен және Сталиннің жеке басына табынушылықтың әшкереленуінен кейін КСРО сыртқы саясатта бірсыпыра жаңа бастамалар жасады. Армия 2 млн адамға қысқартылды, ел ішінде реформалар жасау жарияланды, мемлекет басшыларының кеңес-американ кездесулерін өткізуге ниет білдірді. Бірақ бірнеше халықаралық дау-жанжалдар бұл бастамаларды аяқсыз қалдырды. 1960 ж. мамырдың ортасына жобаланған Н.С. Хрущев пен Д. Эйзенхауэрдің кездесуі болмай қалды. Кездесу қарсаңында АҚШ 1 мамырда кеңес жойғыш-самолеттері жете алмайды деп ойлаған биіктікте КСРО ауа кеңістігіне барлаушы-самолет ұшырды. Бірақ самолет атып түсіріліп, ұшқыш тұтқынға алынды, арандату әшкереленді. Жоғарғы дәрежедегі кездесу жайына қалды.

60-шы – XX ғ. 80-ші жж. бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар. Кариб дағдарысы. 1960 ж. қарашадағы сайлауда АҚШ-да демократиялық партия жеңіске жетіп, Дж. Кеннеди әкімшілікті басқарды. Президенттің бейбітшілікке ұмтылу туралы мәліметтеріне қарамастан, теке тірес жалғаса берді. 1961 ж. сәуірдегі Куба контреволюционерлері десантының АҚШ флоты мен авиациясының жәрдемімен аралға түсірулуімен Кариб дағдарысы басталды. Десант теңізге қуып тасталды, бірақ АҚШ Ф.Кастро режимін құлату жоспарынан бас тартпады. Куба үкіметімен құпия келіссөздер нәтижесінде Кубаға орташа қашықтықта әрекет жасайтын кеңес ракеталары орналастырылды. Кеңес үкіметінің бұл әрекеті тек қателік емес, сонымен бірге авантюристік қадам болды.

КСРО мен АҚШ-тың қақтығысуы нақты шындыққа айнала бастады. Тек Н.С. Хрущев пен Дж. Кеннедидің арасындағы бірнеше күнге созылған келіссөздерден кейін ғана тікелей соғыс қаупі сейілгендей болды. КСРО өз ракеталарын Кубадан, ал АҚШ өз ракеталарын Түркиядан алып кетті. АҚШ Кубаның тәуелсіздігіне қол сұқпауға уәде берді.

Теке тірестен келіссөздерге. Кариб дағдарысының бейбіт жолмен шешілуінен 60-шы жж. кеңес-американ қатынастарындағы бетбұрыс басталды. Ашық теке тірестен келіссөздерге және халықаралық шиеленісті бәсеңдетуші алғашқы келіссөздердің жасалуына көшуді байқатқан бірнеше маңызды құжаттар қабылданды. 1963 ж. тамызда Үш ортада: атмосферада, космос кеңістігінде және су астында ядролық сынауға тыйым салу туралы үш мемлекеттің Мәскеу шартына қол қойылды. (Франция мен Қытай бұл шартқа қосылмады). Бұл ядролық қарулануды шектеу жөніндегі тұнғыш келісім еді.

Қосылмау қозғалысы. Ұлы мемлекеттер арасындағы қарама-қарсылықтар және оларға Азия, Африка және Латын Америкасы елдерін араластыру жөніндегі әрекеттер кейбір мемлекеттердің, оның ішінде жақында ғана отаршылдық құлдықтан құтылған бірсыпыра елдердің басшыларын саяси-соғыс одақтарына қосылмау, әлемнің жетекші мемлекеттерінің арасындағы дау-жанжалдардан аулақ болу позицияларын ұстауға мәжбүр етті.

Индияның премьер-министрі Дж. Нерудің, Югославия президенті Броз Титоның және Египет президенті Г.А. Насердің бастамалары бойынша 1961 ж. қыркүйекте Белградта 25 елдің үкімет басшыларының крнференциясы болып, онда қосылмау қозғалысының негізі қаланды. Қозғалысқа қатысушылардың көпшілігі АҚШ пен КСРО халықаралық шиеленіс пен жанталаса қарулану үшін бірдей жауапты деп есептеп, саяси-соғыс одақтарына қатыспайтындықтарын, халықтардың отаршылдыққа қарсы, тәуелсіздік пен бейбіт қатар өмір сүру үшін күресін қолдайтындықтарын мәлімдеді.

Еуропадағы бәсеңсу. 70-жж. жалпыеуропалық процесс.60-шы жж. соңында Еуропадағы халықаралық қатынастар әртүрлі мемлекеттердің шиеленісті бәсеңдетудің жолдарын қарастыру әрекеттерімен сипатталынды. Әскери-стратегиялық тепе-теңдік жағдайында күш-қолдану саясатының болашағы жоқ екендігіне көз жетті. Батыстың реалистік тұрғыдан ойлайтын билеуші топтары мен үкіметтерінде келіссөздер жүргізу идеясы қолдау таба бастады.

Еуропалық мемлекеттердің Еуропадағы ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шарттарын талқылау жөніндегі кеңесін шақыру бастамасын Кеңес Одағы мен басқа да социалистік елдер көтерген болатын. Бірақ бұл ұсыныстар көбінесе насихаттық сипатта болып, кеңес басшылығының теке тіреске негізделген жалпы бағытын өзгерте алмады. Бұл бағыттың бір көрінісі ВШҰ мүшесі бес елдің әскерлерін 1968 жылы ешқандай негізсіз Чехословакияға енгізу болды. Бұл оқиға бәсеңсу процесін біраз уақытқа тежеп тастады. Дегенмен Еуропа мемлекеттерінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы ынтымақтастыққа ұмтылыстары жалғаса берді.

1969 жылдың наурызында ВШҰ елдері жылпыеуропалық кеңесті іс жүзінде дайындауда кірісу жолында барлық Еуропа елдеріне арнап үндеу қабылдады. Бұл бастаманы Батыс Еуропаның бейтарап елдері қолдады. Бұл мәселеде әсіресе Финляндия аса маңызды рөл атқарды, фин үкіметі 1969 жылы мамырда Еуропалық елдерге, АҚШ пен Канадаға Кеңестің шақырылуын ұйымдастыруға өз қызметін ұсынды. Мемлекетаралық өзара кезесулер басталды, олар халықаралық қатынастарда жаңа құбылыс – жалпыеуропалық процесті ашты.

КСРО мен АҚШ және Батыс елдерінің арасындағы қатынастардың біршама жақсаруы негізінде алдын-ала пікір алысу басталып, нәтижесінде 30-шілдеде Хельсинкеде мемлекет басшылары деңгейінде Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі Кеңес ашылды, ал 1975 жылы 1 тамызда Кеңестің Қорытынды актісіне қол қою салтанаты болып өтті.

Қорытынды акт шарт түріндегі міндетті құжат емес еді, дегенмен оның аса зор моральдық-саяси маңызы болды, себебі ол халықаралық қатынастарға жылпыеуропалық шеңбердегі жаңа прогрессивтік нормалар енгізді.

Қорытынды акт кездесулер мен келіссөздер процесі жалпыеуропалық немесе хельсинкилік аяда үздіксіз жалғастырыла беріледі деп көрсетті.

80-жж. бірінші жартысындағы халықаралық қатынастардың шиеленісуі. 70-80 жж. түйісінде КСРО мен АҚШ арасы қайтадан теке тіреске бағыт алды. Мүның себептері әр түрлі еді. 70 жылдардағы энергетикалык. дағдарыс «үшінші дүниеге» жататын көптеген елдер мен дамыған капиталистік елдер арасындағы қатынастарды шиеленістіре түсті. Әлемде революциялық жаңару процестері өтіп жатты. Бүрынғы Португалия отарлары Ангола мен Мозамбикте 1975 ж. революция, Никарагуадагы 1979 ж. Сомоса режимінің құлатылуы, сол жылы Иранда орын алған шахка қарсы революция, міне, осы оқигалардың барлығын АҚШ - тың билеуші топтары өздерінің жеңілісі деп карастырса, аса оңшыл топтар үкіметтің «осалдығы» немесе колынан іс келмейтіндігінің, тіпті «Мәскеудің қастандығының» нәтижесі деп бағалады.

70-80 жж. халықаралық қатынастардағы текетіреске бүрылыс Кеңес Одағының Еуропадағы бейбітпіілік пен қауіпсіздік жөніндегі Кеңестің Қорытынды актісінің ережелеріне тікелей қарама-қарсы бірсыпыра сыртқысаясат әрекеттеріне, оның ішінде ВШҮ елдерінде кеңестік орта қашықтыктағы ракеталарды орналастыруына да байланысты болды. Әсіресе 1979 ж. желтоксандағы кеңес әскерлерінің Ауғанстанға енгізілуі мен 1981 ж. желтоқсандағы Полыпадағы соғыс жағдайының жариялануы әлем жүртшылығының наразылығы мен ашу-ызасын келтірді. Нәтижесінде дүниежүзінде КСРО-ға қарсы наукан басталды, жанталаса қаруланудың жаңа дүмпуі орын алып, халықаралық жағдай бүрынғыдан да шиеленісе түсті.

80-ші жж. екі ел арасында карама-карсылық пен әскери-күшін салыстырудан бүрынғыша бой көрсетулері көп жағдайларда екі жақтың да өзгеріп отырған халықаралык. жағдайға сын көзімен карап, әділ бағалауға шамалары келмегендіктерін және мемлекеттердін өзара тәуелділік процестері мең әлем тағдырының біртүтастығымен айшықталатын халықаралық өмірдің жаңа талаптарына бейімделе алмағандығының көрінісі болды. Екі жүйенің араларындағы қарым-қатынастарды олардың екеуі де бітіспес қарама-карсылық жағдайында болу деп түсінді.

70—90 жж. халықаралық және аймақтық қақтығыстар. 70 ж. Еуропа континентінде халықаралық қатынастарда кақтығыстар сиреді. Бірақ, мүндай жағдай бәсеңсу процесінің барлық аймақтарға, әсіресе дамушы елдерге де тарағандығын білдірмеді, керісінше, оларда түрлі кактығыстар үшін себептер мен сылтаулар жетіп жатты. Үлы мемлекеттердің саясаттары да әртүрлі аймақтарда түрліше қактыгыстардың. Түйіні болып отырды.

Таяу Шығыстағы жанжалдар. Палестина мәселесінің шешілуі және Израилдың көрші араб елдерімен дау-жанжалдары 70—90-ж.ж. Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке жиі-жиі катер туғызып отырды. Тек 90-шы жж. соңында ғана палестиналықтарға шектеулі авто­номия беру туралы келісімге кол жеткізілді, бірақ Таяу Шығыс мәселелері әлі де болса әділ шешімін таба алмады.

Иран-Ирак соғысы (1980—1988) және Ирактың Ку­вейтке қарсы басқыншылығы (1990—1991 жж.). Ирак төңірегіндегі халықаралық дау-жанжалдардың өрбуіне алып келді және өз шеңберіне БҮҮ, НАТО сияқты үйымдар мен АҚШ, Ресей т.б. елдері де тартты.

1971 ж. үнді-пәкстан соғысы екі ел арасындағы бүрыннан келе жатқан копжылдык дау-жанжалдардың карулы жалғасы және Батыс пен Шығыс Пәкстан арасындағы карама-қайпіылыктардьщ көрінісі болды. Соғыс пен ішкі жанжал Пәкстанның жеңілуі және тәуелсіз Бангладештің қүрылуымен аякталды.

70-90-жж. басқа аймақты қақтығыстар. Осы жылдары Африка территориялык, экономикалық, этникалык, діни және тайпалык кайшылықтар негізінде пайда болған толассыз өзара қырқыстар, соғыстар мен тазалаулар аймағына айналады.

Баска аймақтық кактығыстар еуропалық елдер және баска елдер арасында орын алды (Кипрдегі грек-турік жанжалы, Гибралтар айнала-сындагы испан-агылшын мудделерінің қактыгысуы, Фолкленд аралдары ушін агыл­шын- аргентина қарулы қақтыгысы).

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада орын алған коптеген қақтығыстар үлтшылдық пен фундаментализмнің өсуіне тікелей байланысты болды. Кейбір кақтығыстар АҚШ-тың кішігірім мемлекетердің ішкі ісіне арсыздыкпен араласуы нәтижесінде шыкты (1983 ж. Гренадага басып кіру, Ливияны бомбылау, Иракқа қауіп тудыру т.б.). Осы басқада аймақтық қақтығыстардың шешімі оңай болған жоқ, көбісі әлі де шешілген жоқ, себебі олардың алдын алу және шешудің халықаралык механизмдері әлі жасалған жоқ, оның бергі жағында осы жанжалдарды бастаушыларда өздерінің әділетсіздік әрекеттері үшін жауапкершілік сезімдері жоқ.

Қарусыздану мәселесі. Соғыстан кейінгі уакыт барысында екіүшты әлемдегі жанталаса карулану процесі тіпті қарапайым «кыр көрсету — жауап кайтару» процесі бойынша жүргізіліп келді.

Әскери-стратегиялық жағынан Кеңес Одағынан басым болу жоспарын алдарына қоя отырып, АҚШ билеуші топтары, әдетте, ядролык, космостық және басқа да каруды жаппай өндіру ісінің бастамашысы болды, Кеңес Одағы 80-жж. ортасына дейін бүған қарсы шаралар колдану арқылы жауап беріп келді, арадағы келіспеушіліктерді саяси әдістердің, келіссөздердің көмегімен шепіуді барлык уақытта колданып отырмады.

Нәтижесінде әлемде қару-жарақ қорлары тау-тау болып үйіліп жатты. 1986 ж. казанына карай КСРО-да стратегиялык тасығыштарға орнатылған 10 мың ядро­лық заряд болса, АҢІП-та әрқайсысының куаты Хиросимо мен Нагасакиге тасталған бомбалардан артык 14,8 мың заряд болды. Ядролық кару қоры әлдеқашан ақылға сиярлық деңгейден асып кеткен болатын.

Шабуылдық кару-жарақтардың осынша зор дәрежеде корлануы соғыс күші түрғысынан ойлаудың және ядро­лык каруды жасауға сандык тұрғыдан караудың көрінісі болды. Әскери-стратегиялық тепе-тендік мәселесіне де көзқарас осы тұрғыдан болды. 70-жж. қол қойылған шарттардың топтамасы (ПРО, ОСВ-1, ОСВ-2) іс жүзінде каруланудың деңгейін растады, тек олардың көбеюі мен сапалық көрсеткіштерін белгілі бір шектеулермен тежеді де қойды. Рейкьявиктегі кездесуден соң 1987 ж. қарашада Вашингтонда КОКП Орталык Комитеттің Бас секретары М.С. Горбачевпен АҚІП президенті Р. Рейганның кездесуі барысында КСРО мен АҚШ арасында орта және қысқа қашықтықтарға үшырылатын ракеталарды жою туралы шартқа, сонымен бірге ракета құралдарын жою тәртібі мен бакылауға байланысты хаттамаларға қол койылды.

1991 ж. шілдеде Мәскеуде КСРО мен АҚШ басшыларының жаңа кездесуі болып, оның барысында екі жақтың да стратегиялык шабуыл кару-жарақтарының үштен бірін қысқарту жөніндегі шартқа қол койыл­ды.

Өзара сенісу мен түсіністік жағдайын орнатуда 1989 ж. наурызында Венада басталған ВШҮ мен НАТО-ға мүше 23 елдің әдеттегі кару-жарақтар және Еуропадағы Атлантикадан Оралға дейінгі жерлердегі карулы күштер жөніндегі Хельсинки процесі арнасындағы келіссөздері үлкен рөл аткарды.

Вена келіссөздері табысты аяқталып, Еуропадағы әдеттегі қару-жарақтар туралы келісім-шарт мәтіні жасалды, онда ВШҮ мен НАТО-ның Еуропада Атлантика мен Орал аралығында орналасқан қарулы күштерін едәуір қысқарту қарастырылды.

БҰҰ-ның халықаралық қатынастардағы ролі. 70-90-жж. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қатынастардағы рөлі едәуір артты. Соғыстан кейінгі алғашқы онжылдыктар барысында онда теке тірес ойлау мен әрекеттер басым болды. Сол кездегі БҰҰ-н «батыс клубы», батыс елдер саясатының колшоқпары деп тегіннен тегін атамаса керек.

Бірак БҰҰ-ның құрамы келе-келе отаршылдық үстемдіктен азат болған жаңа мемлекеттермен толған сайын ондағы күштердің ара салмағы өзгеріп, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мен баска да органдарының күн тәртібінде қарусыздану, халыкаралық катынастарды демократияландыру, бейбітшілікті сактау, отаршылдықты түпкілікті жою және апартеидке қарсы күрес мәселелері көптеп орын ала бастады.

Тіпті 80-ші жж. бірінші жартысындағы халықаралық жағдайдың шиеленіскен кезінде де Біріккен Ұлттар Ұйымы аса маңызды бейбітшілік орнатушылық рөл атқарды, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы теке тірестер мен қақтығыстарды айыптайтын бірнеше шешімдер мен каулылар кабылдады. 1984 ж. желтоқсанында ол карулану жарысын ғарышқа шығаруды айыптап, ғарыш кеңістігін тек бейбіт мақсаттарға пайдалану туралы қаулы қабылдады.

БҰҰ 80-ші жж. халықаралық қатынастардагы жагымды багыттарды ныгайтуда аса маңызды рөл атқарды. БҰҰ-ның Бас хатшысы мен оның өкілдері аса күшті аймақтық дау-жанжалдар мен келіспеушіліктерді реттеуге үлкен үлес қосты. Оның біраз маңызды шешімдері экономикалық апаттардың алдын алуға арналды.

Қазіргі замандағы бірігу және ажырау процестері мен халықаралық қатынастар. 90-шы жж. халыкаралык катынастарға батысеуропалық және солтүстікамерикалық экономикалық бірігудің онан әрі тереңдеуі, Латын Аме-рикасындағы, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африкадағы бірігу процестерінің дамуы тән болды. Дәл осы мезгілде Шығыс Еуропа елдері мен КСРО-да ортадан тепкіш процестер шиеленісе түсті. Чехословакияда, КСРО-да ұлттык кақтығыстар басталды. КСРО-ның ыдырауы бұрынғы одақтас республикалардың барлықтарының өздерінің толық тәуелсіздіктерін жариялауымен аяқталды. Сөйтіп, қазіргі кезеңде әлемде екі қарама-қарсы сипаттағы процесс өтіп жатыр: біріншісі - капиталистік дүниеде өтіп жатқан шаруашылық байланыстарының бірігу, ынтымактасу процесі де, екіншісі - Орталык және Оңтүстік-Шыгыс Еуропа мен КСРО-дагы құрылган көпұлтты мемлекеттердің ыдырауы мен ұлттык мемлекеттердің калыптасу процесі. Өздерін бұрын социалистік деп атаған елдердегі ажырау проце­стер бұрынғы халыкаралык ұйымдардын жойылуына (Экономикалык Өзара Көмек Кеңесі, Варшава Шарты Үйымы), Чехословакияның, Югославияның, КСРО-ның тарауына алып келді. Сөйтіп, казіргі халыкаралык катынастар жүйесі Екінші дуниежузілік согыстан кейін қалыптаскан және жарты гасырдай өмір сүрген жүйеден жаңа жцйеге өткінші болып табылады. Бұл жаңа жүйеде, бір жагынан, мемлекетаралык және халыкаралык катынастардыц ескі принциптері мен түрлері жойылса, екінші жагынан осы қатынастардың жаңа принциптері мен түрлері құрылды немесе құрылу үстінде.

Батысеуропалық бірігудің жаңа кезеңі. 1991 ж. 11 желтоқсанында Голландияның Маастрихт каласында Голландия, Германия және Бельгия шекаралары түйіскен жерде, Еуропалық одаққа (ЕО) мүше елдердін мемлекет және үкімет басшыларының кездесуінде осы елдердің валюталық-экономикалық және саяси одақ туралы құжаттарға қол койылды. Батыс Еуропада 1957 ж. Еуропадағы экономикалык ынтымактастық туралы Рим шартынан басталатын экономикалык жене саяси бірігудін тереңдеуінің жаңа кезеңі басталды.

Валюталық-экономикалық шарт ЕО елдерінің 1999 ж. 1 каңтарынан бастап бірыңғай ақша бірлігіне — евроға көшуін карастырды.

Маастрихтта кол койылған екінші шарт - батысеуропалық елдердің саяси одағын тереңдете түсуді карастырған. Бұл қүжат жалпы сыртқы саясат жөніндегі бағыт пен қорғаныс саясатын түжырымдауды көздеген. Саясаттың негізгі бағыттарын Еуропалық Кеңес анықтайды. Бұл шарттағы жаңа принцип - белгілі бір мөселе жөнінен шешім кабылдау үшін бірлестіктің 12 мүшесінен кем дегенде 8 мүшесінің «білікті көпшілігінің» болуын қарастырған. Бұл жаңа формула ЕО-қа кіруші елдердің сыртқы және соғыс саясаты салаларында өз егемендіктерінің белгілі бір бөліктерінен ішінара бастартатындықтарын білдіреді.

Одак туралы саяси шартта ЕО әлеуметтік саясат, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп, мәдениет, денсаулық сақтау салаларындағы ұлттарүстілік өкілеттіліктерін кеңейту шаралары да карастырылған. Шарттарда карастырылған саяси және валюталық одақтарды қалыптастыру кем дегенде екі он жылдай уакыт алады және біртұтас үкіметтің кұрылуын теріске шы-ғармайды делінген. Сөйтіп, ЕО-тың үзақ мерзімдік даму стратегиясы кабылданды.

Осы екі арада ЕО үлкен экономикалык қиыншылықтарға кездесті. ЕО елдерінде жаппай жүмыссыздық (жүмыс күшінің жалпы көлемінің 11% мөлшерінде) етек алуда, еуропалық тауарлар өздерінің бәсеке кабілетгіліктерін жоғалтуда, олардың әлемдік саудадағы үлесі 1978 ж. 24%-тен 1997 ж. 18% азайды. ЕО-ның жаңаша технология мен ғылыми жаңалықтар ашуда АҚІП пен Жапониядан артта калушылығы жойылған жок.

1988 ж. АҚШ пен Канада арасында еркін сауда тура­лы келісімнен басталған солтүстікамерикалық бірігу 1993 ж. оған Мексиканың қосылуына байланысты одан әрі карай дами түсті. Сөйтіп, солтүстікамерикалық қүрлық біртүтас шаруашылык-экономикалық кешеніне айналуда. Мемлекетаралық келісімдер мен атқарушы биліктің ұлттар үстінен біріккен органдарының негізінде іске асатын еуропалык бірігуден айырмашылығы - бірігудің солтүстікамерикалык нүсқасы ең алдымен азаматтык қоғамдардың өзара араласуына, яғни жекеменшіктік шаруашылық бірлестіктерінің, кәсіпорындардың және тағы баска да мемлекеттік емес құрылымдардың араласу деңгейіне негізделген. Бірақ бүл жағдайларда да баскару мен реттеудің үлттарүстілік органдарын күрмағанмен, үкіметтер деңгейінде «ойын ережелерін» анықтау қажеттіліктері туып түрады. Бірігу процесі Латын Америкасында, Оңтүстік-Шыгыс Азияда және Африкада да жедел дамуда.

 

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемнің даму ерекшеліктері

қандай болды?

2. Ғылыми техникалық революцияның (ҒТР) негізгі бағыттары қандай

болды?

3. Ақпараттық қоғамға тән белгілерді атаңыз?

4. Ғылыми техникалық революция кезеңінде батыс қоғамында болған

әлеуметтік өзгерістерді атаңыз?

5. Үшінші әлем елдерінің экономикалық даму проблемалары неде және

оларды қалай шешуге болады?

7. Дамып келе жатқан елдердің әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері

неде?

8. Жаһандану үрдісінің негізгі бағыттары қандай және олардың мазмұны

 қандай?

9. Екінші дүниежүзілік соғыстан  кейін батыс қоғамында мемлекеттік-сая-

си құрылыстың қандай принциптері бекіді?

10. «Игілік мемлекетіне» тән белгілер?

 11. Саясаттағы жаңа консервативтік толқын деген не және  оның себептері

мен салдарлары қандай?

12. Қазіргі заманда сол идеологияның күйреу себептері неде?

13. «Азамат қоғам» түсінігінің мәні неде?

14. Үшінші әлем елдерінің саяси дамуының ерекшеліктері неде?

15. XX ғ. 90-шы жж. әлемнің геосаяси ахуалында қандай өзгерістер болды?

16. Жаһандық проблемалардың туындау себептері неде?

17.Қандай критерийлерге байланысты кез келген проблема жаһандық

проблемалар қатарына жатқызылады?

18.Қазіргі заманда адамзат алдында қандай жаһандық проблемалар тұр?

19. Екінші дүниежүзілік соғыстың саяси нәтижелері қандай болды?

20. БҰҰ-ның құрылуының әлемдегі қауіпсіздікті сақтаудағы маңызы неде

болды?

 21. «Қырғи -қабақ соғысы» және биролярлық әлем деген не?