лекция 10

лекция 10

Дәріс №10. Тақырыбы: Алтын Орда (1243 ж. - ХV ғ. ортасы).

 

Қаралатын мәселелер:

1. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы

2. Саяси-экономикалық құрылымы

3. Мәдениеті

 

Әдебиет:

Негізгі:

Ким Г.В. История Казахстана. Учебник для вуза. – Алматы: Алматыкітап,     

2013. – С. 94-101.

Қазақстан тарихы. Бес томдық. – Алматы: Атамұра, 1998. 2-том. – 77-89-

бб.

Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы: Норма К,  2008. – 129-141-бб.

Қосымша:

Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы, 1991.

Қыраубаева А. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ – ХІV ғ.) //             

А. Қыраубаева .  Ежелгі әдебиет. 5 томдық шығармалар жинағы. – 2-

кітап, – Алматы: Өнер, 2008. – 199-209-бб.

Махаева А.Ш. Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы // Қазақстан.

Ұлттық энциклопедия. – Алматы: Қазақ  энциклопедиясының  Бас

редакциясы, 1999. – 183-б.

Махаева А.Ш. Ұлы жібек жолы. – Алматы, 1999. – 117-б.

Моңғолдың құпия шежіресі. – Өлгий, 1979.

Почекаев Р.Ю. Золотая Орда: История в имперском контексте. СПб.:

Наука, 2017.

Рашид ад-Дин. Сборник летописей. – Т.1-3 / Пер. с персид.     Л.А.

Хетагурова. – М.,Л: Изд-во Ан СССР, 1952-1960.

Трепавлов В. В. Золотая Орда в XIV столетии.  М.: Квадрига, 2010.

Ханы Золотой Орды. – Казан. Татар китап нәшрияты, 1995. – 127 б.

 

 1235 жылы Карақорымда өткен моңғол ақсүйектерінің Құрылтай жиналысында Шығыс Еуропаға жаңа жорықтың жоспары арнайы талқыланып, оған 1 жылдай дайындық жұмыстары жүргізілді. Құрылтайдың шешімі бойынша моңғол әскерлерін Шыңғыс ханның немересі Жошының екінші ұлы Бату хан басқаратын болды. Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы 1236-1242 жылдары орын алды.Осы жорықтың нәтижесінде  Бату әскері Еділ Бұлғарларын, бұдан соң бірнеше орыс княздықтарын, Венгр корольдығын, Польшаны жаулап алды.

Батуды қытайлық суретшілер осылай бейнелеген

 

Алайда, 1241 жылы ұлы хан  Үгедейдің қайтыс болуы туралы  хабарға  байланысты  бүкіл Еуропаны аламын деген райынан қайтып, Бату кері оралуға мәжбүр болды.

Алтын Орда мемлекетінің негізі 1243 жылы қаланды. Оның негізін салушы Бату хан болып саналады. Территориясы негізінен  Жошы ұлысының жерін және Бату жаулап алған жерлерден құралды. Еділ Бұлғариясы, Солтүстік Кавказ, Қырым түбегі, Шығыс Еуропа мен Арал маңы және Батыс Сібір далалары, орыс, бұлғар княздіктері (Видин, Тырново) кірді, Сербия вассалдық тәуелділікте болды. Астанасы – Сарай-Бату (қазіргі Астраханның маңы), кейін Сарай-Берке  (Едідің жоғарғы бойы) болды. Алтын орда екі қанаттан тұрды – Ақ Орда және Көк Ордадан.

 

Алтын Орданың картасы

 

Халқы қыпшақтар, қимақтар, бұлғарлар, хазарлар, моңғолдар, татарлар, славяндардан тұрды. Тұрғындар көшпелі аристократиядан (хандар, нойандар, бектер, әмірлер, мырзалардан), әскерилерден (темниктер, батырлар, нөкерлерден) және қара халықтан  құралды.

Алтын орда Өзбек (1312-1342 жж.) және оның ұлы Жәнібек (1342-1357 жж.)  ханның тұсында барынша күшейді. Ислам дінін Өзбек хан мемлекеттік дінге айналдырды. Берке хан Мысыр елінің сұлтаны Бейбарысқа елшілік аттандырды. Беркенің тұсында (1257-1266 жж.) Алтын Орда Моңғол империясынан тәуелсіз елге айналды, ал Меңгу-Темірдің билігі кезінде (1266-1280 жж.)  біржола оқшауланып, тіпті, өз теңгесін  соға бастады.

Алтын Орданың әлсіреуін «Ұлы дүрбелең» оқиғасы әлсіретіп жіберді. Ол 1357-1380 жылдары орын алды. Хандар билік үшін таласып, бірін-бірі өлтіріп, тақтан тайдырумен болды. 1380 жылы Мамай бастаған қол Куликово шайқасында жеңіліс тапты.

 

Куликово шайқасы

 

 Билікті Ақ орда билеушісі Тоқтамыс хан басып алды. Тоқтамыс хан билікті нығайта түсу үшін 1382 жылы Мәскеуді өртеді. Алайда Алтын Орда ХV ғ. ортасында Ақ Орда, Ноғай ордасы, Қазан хандығы , Қырым хандығы  Астрахан хандығы секілді бірнеше хандыққа бөлініп кетті.

2. Саяси-экономикалық құрылымы. Алтын орданы Жошы ұрпақтарынан шыққан хан басқарды. Жергілікті жерде басқақтар (ХІV  ғ. басына дейін) мен ұлысбектер билік жүргізді. Азаматтық істерді – уәзірлер қарады,  салық жинауды – даруғалар, әскери істі басқаруды беклербектер жүзеге асырды.

3. Мәдениеті.   Қыпшақ тілі негізгі мемлекеттік тіл болды. Қалалық мәдениет, қолөнер Сарай, Қажытархан,   Хорезм, Бұлғар, Сарайшық, Қырым  және т.б. өркендеді.

Алтын Орда кезіндегі мұнара

Алтын орда дәуірінен қалған керамикалық бұйымдар

 

Теңге шығару.  Батый, Берке хандар кезінде теңгелер Шыңғыс ханның атынана шығарылса, Меңгу Темір кезінен алтынордалық хандар өз атынан теңге соға  бастады. Теңге шығаратын сарайлар Сарай, Қажытархан, Сарайшық, Гүлстан, Хорезм, Үргенш, Сығанақ сияқты қалаларда болды. Жәнібек ханның кезінде шыққан теңгеде: «Әділетті сұлтан Жалал-ад-дин Махмұд Жәнібек хан, Жаңа сарайдың теңгесі, 741» деп жазылған. Ал «бұлғар» деген жазуы бар теңгені  Шәдібек ханнан Ұлығ Мұхаммедке дейінгі билеушілер шығарып тұрды.

Алтын Ордада қаржы мәселесімен Хорезм мен Бұқара тұрғындары айналысты. Алтынордалық теңгелер бүгіндері Қытай, Үндістан жерінен де табылып отыр, бұл сауда-саттықтың осы елдермен қызу жүргенін көрсетеді.

Алтын Орда дәуiрiнде (13-15ғ.) Қыпшақ даласындағы түркi халықтарының әдебиетi мен мәдениетi мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерiлдi. Бұл кезде мемлекет астанасы болған Сарайшық қаласына Батыс пен Шығыстың аса көрнектi ғалымдары, сәулетшiлерi, ақындары, өнер қайраткерлерi, т.б. жиналған едi.

Әдеби шығармалар: Алтын Орда дәуiрi әдебиетi тұсында әл-Хорезмидiң «Мұхаббат-наме», Сайф Сараидiң «Гулистан бит-турки», («Түркi тiлiндегi Гүлiстан», Құтбтың «Хосрау — Шырын», Дүрбектiң                 «Жүсiп - Зылиха» дастандары ерекше мәшһүр болды. Сондай-ақ, Насреддин Рабғузидiң «Қиссасул әнбия» деп аталатын прозалық шығармасы да кең тараған болатын. Қыпшақ тiлiнiң сөздiгi — «Кодекс куманикус» атты кiтап та заман талабы бойынша өмiрге келген туынды едi. «Кодекс куманикус» үш тілді – латын-парсы-қыпшақ сөздік.

 

 

 

Сайф Сараи.

 

 

 

 

 

Дәріс №11. Тақыры