лекция 4
Лекция 4
Дәріс № 4. Темір дәуіріндегі ертемемлекеттік құрылымдар (б.з.б. VІІІ - б.з. V ғ.). Сақтар.
Қаралатын мәселелер:
1)Темір дәуірінің сипаты;
2)Сақ тайпаларының орналасуы;
3) Сақтардың саяси тарихы;
4) Сақтардың шаруашылығы.
Әдебиеттер:
Негізгі:
Ким Г.В. История Казахстана. Учебник для вуза. 5-е изд., перераб. и доп.
– Алматы: Алматыкітап, 2013. – С. 38-47.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. – І том. – Алматы, 1996.
– 158-229-бб.
Қосымша:
Абай. Ескендір // Шығармалары. – Алматы, 2002. – 64-68-бб.
Акишев К. Курган Иссык. – Алматы, 1978. – 131 с.
Великая степь в античных и византиийских источниках. – Алматы, 2005.
– С. 34-44.
Геродот. История в девяти книгах. – Л., 1972.
Махаева А.Ш. Ұлы жібек жолы. – Астана, 2009. – 14-29-бб.
Қазіргі Қазақстан тарихы. – Астана, 2010. – 18-25-бб.
Қазақстанның жеті кереметі. – Алматы, 2006. – 1-29-бб.
Сақ тайпаларынын орналасуы. Темір құрал-саймандар Қазақстан территориясында б.з.б. VІІІ-VІІ ғғ. жасалды. Адамзат тіршілігінде темірдің колданылуы коғамдық дамудың алға басқандығын білдіреді. Темір дәуірінде Қазақстан жерін сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар коныс етті. Олардан қалған ескерткіштер Қазақстан жерінен көптеп кездеседі. Бұл тайпалар туралы археологиялық және жазба деректер баршылық. Сақтар б.з.б. VІІІ- б.з.б. III ғғ. аралығында өмір сүрген. Оларды гректер – скифтер, ал парсылар сақтар деп атады. Тарихтың атасы Геродот сақтардың шығу тегі туралы баяндаған. Тарғытай деген кісінің үш ұлы болыпты: Арпоксай, Колаксай, Липоксай деген, сақтар осылардың тараған ұрпақтары екен деп әңгімелейді. Грек-рим авторлары еңбектерінен сақтар жайлы мол мәлімет табуға болады. Парсы деректерінде де сақтар туралы мәліметтер бар.
Бехистун сына жазуы. Осы ескерткіштегі сақ адамдарының суреті.
Сақ- тиграхаудалар (шошақ бөріктілер) немссе грек деректерінде скиф-ортокарибантилер деп аталатын тайпалар Жетісу, Тянь-Шань, Тарбағатай және Алтай тауларын қоныс еткен. Парсылар сақ-хаомоварга деп атаған (хаома сусынын даярлайтындар) немесе гректер массагеттер мен даилер дегендер Арал маңында тұрған. Орталық Қазақстанда грек деректері бойынша, исседондар мен аргипейлер және аримаспылар орналасқан. Қазақстандық археологтар олар Тасмола мәдениетінің негізін калады деп санайды. Сақ-парадараялар (дарияның арғы бетіндегілер) Аралдың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бетін, Сырдың оңтүстік жағалауын, Қаратау жоталарын иемденді. Гректер оларды массагеттер мен яксарттар деп атаған. Ал Орал маңы мен Батыс Қазақстанда савроматтар немесе сарматтар деп аталған тайпалар тіршілік етті.
Дүние жүзін Геродот осылай түсінген
Орталық Азия жеріндегі ертедегі мемлекеттер
1999 жылы Атырау өңіріндегі Аралтөбе обасынан табылған, алтынға малынған сармат көсемі
Саяси тарихы. Сақтардың көршілері ежелгі ірі мемлекеттер болды. Олармен көршілес қонған сақтар сол замандардағы саяси оқиғаларға белсене қатысты. Ахеменидтік Иранның билеушісі Кир б.з.б. VІ ғ. Алдыңғы және Орта Азияны өз билігіне алды. Өз мемлекетінің шекарасын кеңейту мақсатында Кир Томирис патша басқараған Арал маңындағы сақтарды бағындырғысы келді. Б.з.б. 530 жылы Кир сақ жеріне басып кірді. Б.з.б. 529 жылы Сыр бойында кескілескен шайқас болып, Томирис патшайымның әскері жеңіп шықты. Томирис б.з.б. 570-520 жж. өмір сүрген. Бұл жөнінде Геродот және Ктесий Книдский баяндайды. Алайда Кирдің мұрагері Дарий I б.з.б. 519-518 жж. сақтарга жорықтар жасап, оларды бағындырып, салық төлеуге мәжбүр етті. Грек тарихшысы Полиен Ширақ деген массагет сақтардан шыққан малшы жігіттің ерлігін дәріптеп жазды. Сақтар өз жерін қорғауда ерліктің тамаша үлгісін көрсеткенімен, Оңтүстік Қазақстанды қоныстанған сақтар парсы державасының құрамына кіріп, әскери қызмет атқаруға мәжбүр болды. Египеттің астанасы – Мемфисте далалықтардың үлкен атты әскері орналасты. Б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында (грек-парсы соғысы) сақтардың атты әскері грек әскерлерінің сабын жарып өтті. Сақтардың грек-македон жаулаушылығына қарсы ерліктері жөнінде де жазба мәліметтер бар.
Б.з.б. 330-327 жж. Ескендір Зұлқарнайын сақтармен соғысты. Сақ көсемі Спитамен ерлігімен көзге түсті. Ескендір Сыр жағасында Александрия Эсхата деген қала салған. Оны б.з.б. III ғ. селевкидтер кұлатты. Қазақтың Бас ақыны Абай «Ескендір» атты поэма жазды. Поэма:
«Осы жұрт Ескендірді біле ме екен,
Македония шаһары - оған мекен.
Филипп патша баласы ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен», – деп басталады. Ескендірдің жаулаушылық саясат ұстанғанын Абай:
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды, – деп суреттейді.
Сақтардың ержүректілігінің арқасында Ескендірдің әскерлері Сырдан өте алмады. Сырдың арғы бетіндегі тайпалар әз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Сақтардың ержүректілігінін арқасында Ескендірдің әскерлері Сырдан өте алмады. Сөйтіп, Сырдын арғы бетіндегі тайпалар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Шаруашылығы. Сақ тайпалары мал шаруашылығының үш түрімен айналысты; көшпелі. жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта және күнделікті тұрмыста жылқыны жиі пайдаланды, мұны археологиялық деректер де растайды. Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін ашқанда жылқылардың сүйектері көптеп табылды. Асыл тұқымды жылқымен бірге карапайым жылқылар да болды, олар аса биік емес, аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді келетін.
«Темір дәуіріндегі ертемемлекеттік құрылымдар (б.з.б. VІІІ - б.з. V ғ.). Сақтар» атты тақырып бойынша сұрақтар:
1)Ертетемір дәуірі: сипаты
2)Сақтар туралы қандай деректер бар?
3) Сақтардың саяси тарихын баяндаңыз.
4)Абайдың «Ескендір» поэмасындағы басты кейіпкер – А.Македонскийдің
сақтарға қатысы қандай?
5) Сақтардың шаруашылығы қандай болды?