Глоссарий
Мирацидия – бауыр сорғыштың алғашқы кірпікшелі личинкасы
Нейстон – судың беткі қабатында тіршілік ететін организмдердің
жиынтығы
Науплиус – шаянтәрізділердің алғашқы личинкалық сатысы
Неотения – личинкалық даму сатысында жыныстық жағынан ерте
жетіліп көбеюі
Нектон – терең су қабатында белсенді жүзетін теңіз организмдерінің
жиынтығы.
Олигомерлі жануарлар – денесі аз сегменттен тұратын жануарлар
(мысалы, кейбір көп қылтанды буылтық құрттар).
Омматидиялар – буынаяқтылардың фасетті (күрделі) көзін құрайтын
жеке көзшелер.