Глоссарий
Темешваров сезім мүшесі – көпаяқтылардың антенна мен көзінің
арасында орналасқан хеморецепторлар, сезім клеткалары жиналған,
таға тәрізді шұңқырлар.
Торнария – жартылай хордалылардың личинкасы.
Уроподалар – шаянтәрізділер денесінің артық жағында орналасқан,
жүзгіш тақталарға айналған, түрі өзгерген аяқтылар.
Фагоцит – (гр. рhagos – ыдыратушы, қамалаушы, kytos - клетка) –
бактерияларды, микроорганизмдерді жұтып алып, оларды қорытып
жіберетін клетка.
Финна – таспа құрттардың личинкасы.
Хеморецептолар – сыртық ортадан химиялық тітіркенуді
қабылдайтын арнайы клеткалар.
Хоаноциттер – губкалардың энтодерма қабатында орналасқан
талшықты - жағалы клеткалар.
Хордотональді мүше – буынаяқтыларға тән әр түрлі жиіліктегі
тербелістерді қабылдайтын сезу мүшесі (басқаша - сколопофоралар).