Глоссарий
Рифтер – маржан кораллдарының бір жердегі жиынтығы.
Септа – ішекқуыстылардың гастраль қуысын бірнеше бөліктерге
бөлетін екі қабатты перделер.
Сизигия – екі грегариналардың қосылу сатысы.
Стробиляция – сцифоидты медузаның даму сатысындағы полипоидты
формасының көлденеңінен бөлінуі.
Сцифистома – сцифоидты медузалардың полипоид кезеңіне өткен
дарасы.
Тагмалар – бунаяқтылардың денесінің бөлімдері (бас, кеуде, құрсақ,
баскеуде).
Тельсон – жануарлардың аналь қалақшасы.