General
Пәннің қысқаша мазмұны.
Пәннің мақсаты студенттерге бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту жолдарымен, метапәндік тәсілдеменің ғылыми-теориялық негіздерімен таныстыру, бастауыш сыныптар оқушыларының метапәндік нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін әдістемемен студенттердің дайындықтарының іргетасын қалау .
Пәннің негізгі міндеттері "- бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту мәселесінің теориялық негіздері жөнінде түсінік қалыптастыру;
- бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижесін (білім, білік және дағдыларын) қалыптастыруға, білім алушыларда пәндер бойынша оқыту нәтижелерін (РО) ББ(ОП) бойынша пәндік құзыреттіліктермен қатар қалыптастыру болып табылады.
Пәндік құзыреттіліктер түлек үшін төмендегідей сипаттарға ие:
ПҚ1 - бастауыш білім беру ерекшелігін жете түсінеді; мектепке дейінгі, кіші мектеп жасындағы және жеткіншек жастағы балалардың білім алуында сабақтастықты жүзеге асыру құралдарын игерген;
ПҚ2 - бастауыш сынып оқушыларына математиканы, ана тілі мен шет тілдерін, әдебиетті, музыканы, жаратылыстануды, көркем еңбекті, дене мәдениетін, АКТ-ны метапәндік тұрғыдан оқытудың теориялық негіздері мен технологияларын меңгерген;
ПҚ3 - математиканы, ана тілі мен шет тілдерін, әдебиетті, музыканы, жаратылыстануды, көркем еңбекті, дене мәдениетін, АКТ-ны метапәндік тұрғыдан оқытудың тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, олардың жалпы ғылым мен құндылық жүйесіндегі орнын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі;
ПҚ4 – метапәндік тәсілдеменің теориялық негіздері мен әдіснамасынан білімдерін қолдана алады; кіші мектеп жасындағы оқушылардың пәндік біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, бейнелі және логикалық ойлауды дамыту әдістерін қолдануға дайын; бастауыш сынып пән мазмұнын игеруге қызығушылығын қалыптастыру мен білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәсілдерін игерген;