Білім басқарма басшыларының семинары

2018 ж. 3-4 тамызында «Ғаламдық ауыспалы өзгерістер жағдайында білім беру ұйымдарын басқару» тақырыбында облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалалары білім басқарма басшыларының қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар мақсаты жоғары оқу орындарындағы білім беруді жаңартылған білім мазмұны аясында жетілдіру, осы үдерістегі мұғалім рөлі мәселелерін талдау.
Семинарда «НЗМ» ДББҰ» АҚ басқарма төрайымы – К.Н.Шамшидинова, Абай атындағы Қаз ҰПУ ректоры – Т.О.Балыкбаев, ЕDТЕСН халықаралық білім беру орталығының бас директоры – Г.Б.Бейсембаев, Алматы менеджмент университетінің президенті – А.Б.Кожахметов, «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасының орынбасары – И.М.Самсаев, «Arsana» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Р.М.Жумабекова және Абай атындағы Қаз ҰПУ оқытушылары және басқалар сөзсөйледі.
Семинарға қатысушылар төмендегідей ұсыныстар жасады: жоғары оқу орындарының бағдарламаларына НЗМ педагогикалық технологияларын ендіру; білім беруде ғылыми тәжірибелік бағыттағы зерттеулер жүргізу; педагогикалық тәжірибе мерізімін созу және студенттердің мекен-жайы бойынша өткізу; болашақ мұғалімдерді екінші курстан бастап педагогикалық тәжірибеден өткізу; 9 сынып оқушылары арасында кәсіби бағытталу жұмыстарын өткізу үшін EDTECH халықаралық білім беру орталығының мамандарын тарту; аймақтарда мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу және жинақтау бойынша алаңдар ұйымдастыру; педагогикалық жоғары оқу орындарының базалық ұйымдарында профессорлық-оқытушы құрамының жұмысын күшейту.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында оқу үдерісін ұйымдастыру және мазмұнын жетілдіру бойынша педагогикалық жоғары оқу орындары мен аймақтық білім басқармалары арасында «Білім беру Альянсы» Консорциумын құру туралы шешім қабылданды.
Консорциум мүшелері болуға тапсырыс беруші ретінде білім басқармалары, провайдер ретінде EDTECH халықаралық білім беру орталығы, базалық педагогикалық университет ретінде Абай атындағы Қаз ҰПУ тілектерін білдірді.

previous arrow
next arrow
previous arrownext arrow
Slider