2019 жылдың 5-6 желтоқсанында Москва мемлекеттік педагогикалық университетінің мамандарымен п.ғ.к., білім саясатын зерттеу зертханасының меңгерушісі Н.Н.Шевелёва мен п.ғ.к., білім саясатын зерттеу зертханасының жетекші ғылыми қызметкері С.М.Лесина “Сандық экономика жағдайындағы педагогикалық қызмет” тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын жүргізілді.

Курс бағдарламасы мектептегі білім беруде сандық технологияларды қолдану саласында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған. Бағдарламаның өзектілігі педагогтарды қазіргі заманғы сандық технологиялармен және оларды мектепте білім беруде пайдалану әдістемесімен таныстыру, педагогтарға аралас оқыту технологияларын табысты іске асыруға мүмкіндік беретін қадамдық алгоритмдер мен ұсынымдарды әзірлеу қажеттілігімен негізделген.
Оқыту бағдарламасында оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыруда сандық медианы (фото, видео) пайдалану технологиялары, оқушылар мен студенттермен қарым-қатынастың сандық құралдары, сандық білім беру технологияларының түрлері мен типтері, мультимедиялық тапсырмалардың конструкторлары, білім беру ортасы және онлайн-платформалар және т. б. қарастырылды.
Курста 112 адам оқыды: ЖОО оқытушылары, Алматы және Қарағанды қалаларының мектеп мұғалімдері, Алматы қ.НЗМ мамандары.

previous arrow
next arrow
Slider