4-ші курс студенттерінің біліктілігін арттыру курсы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Біліктілікті арттыру және қашықтықтан оқыту орталығында» «Жаңартылған мазмұндағы орта білім бағдарламаларының ерекшеліктері» тақырыбында математика, физика және информатика институтының 4 курс студенттері үшін біліктілік арттыру курсы өткізілді.

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасы орта білім ұйымдарындағы жаңартылған мазмұндағы білімге, критериалды бағалау жүйесін енгізуге, сыни ойлауды дамыту әдістерін пайдалануға педагогикалық жоғары оқу орындарының 4-ші курс студенттерінің кәсіби дамуын және педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Курсқа математика, физика және информатика институтының 55 студенті қатысты.

Курс барысында «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» талқыланып, оқу бағдарламаларының, оқу мақсаттарының және құрылымының жаңарудағы ерекшеліктері, оқу мақсаттарын жүйелеу, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын талдап (ұзақ мерізімді, орта мерізімді, қысқа мерізімді жоспарлау), жеке пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендерді зерделеді.

Тренинг және тәжірибелік жұмыстар арқылы болашақ мұғалімдер жаңартылған мазмұн мәнмәтініндегі критериалды бағалау мен сыни ойлауды дамыту қағидаттары мен әдістерін меңгерді.

Курс нәтижесінде тыңдаушылар жаңартылған білім мазмұнының маңыздылығын түсінді, қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындау, критерийлер мен дикриптрлер, тапсырмалар дайындау,кері байланыс беру дағдыларын жетілдірді.