Өкім №__

 

«___» _______ 2018ж                                                                                                             Алматы қ.

 

2018-2020 жылдарға арналған цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту жөніндегі жол картасының 4-тармағындағы «2020 жылға дейінгі IТ саласында ЖОО оқытушыларын 100% деңгейінде біліктілігін арттыруды ұйымдастыру» және “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында ЖОО шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар тізіміне байланысты:

  1. Біліктілікті арттыру және қашықтықтан оқыту орталығы (Ахметов Б.С.):

– 15.10.2018 дейін ІТ саласында университет оқытушыларының біліктілігін арттыру кестесін құрастыру;

– сағаттық төлемақы негізде Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының порфессорлар-оқытушылар құрамын (ПОҚ) курстарды оқытуға тарту;

2. Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы меңгерушісі Е.Ы.Бидайбековке:

– ЖОО оқытушыларына арналған ақпараттық технологиялар бойынша біліктілікті арттыру курсының бағдарламасын 1.11.2018 дейін 72 сағат көлемінде әзірлеу;

– ақпараттық технологиялар бойынша біліктілігін жоғарылату курстарына оқытушыларды бөлу;

3. Профильді (бейінді) институт директорларына:

– 1.11.2018 дейін БАжҚО орталығына ақпараттық технологиялар бойынша біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларының тізімін ұсыну;

– біліктілікті жоғарылату курстарына арналған сабақ өткізу үшін аудиториялармен қамтамасыз ету.

 

Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

 

Бірінші проректор                                           М.Бектемесов

Post Author: admin